Ауысымына 35 тонна ет пен ет өнімдерін өндіретін ет комбинатын салу жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асыру бастамашысы – «Eurasia Agro Semey» ЖШС.
Жобаның құны – 8,4 млрд теңге.
Ет комбинаты әлемдік озық өндірушілердің заманауи жабдықтарымен жабдықталады, бұл шығарылатын өнімнің жоғары өнімділігі мен сапасын қамтамасыз етеді. Жоба аясында тәулігіне 200 ірі қара мен 1400 ұсақ мал сойылады деп жоспарланып отыр.
Жоба ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етуге ғана емес, сондай-ақ экспортқа да бағытталған — дайын өнімді жеткізудің жоспарланған көлемі жылына 12 600 тоннаны құрайды.
Сонымен қатар 50 000 қой, 200 жылқы және 200 ірі қара малға арналған бордақылау алаңдарын құру көзделген. Бұл өндіріс көлемін арттырып қана қоймай, жергілікті тұрғындар үшін қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы мамыр айында басталады.