Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Әділғазы Қайырбековтің 70 жасқа толуына орай шығармашылық кеш өтті

Алматыда белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әділғазы Қайырбековтің 70 жасқа толуына орай шығармашылық кеш өтті.

Іс-шара барысында мерейтой иесіне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты мен «Алтын Барыс» төсбелгісі табысталды. Сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.

Кеш аясында ақынның «Ғазалғұмыр», «Көк дәптер», «Әділғазы Қайырбеков» библиографиялық көрсеткішінің таныстырылымы болды.

Келген көрерменге «Әділғазының әдемі әлемі» бейнеролигі көрсетіліп, замандас достары ақын өмірінің қызықты сәттерін бөлісіп, шығармашылығы, ғылыми еңбектері туралы сөз қозғады.

Мерейтой аясында Ұлттық кітапхана қоры мен автордың жеке мұрағатынан Әділғазы Қайырбековтің өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.

Ұқсас жаңалықтар

«Astana Eurasian Book Fair-2026»: елордада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

admin_altyalash

Қазақстанның болашағы – отаншыл, білімді, еңбекқор азаматтардың, яғни жастардың қолында

admin_altyalash

Apple компаниясында жетекші қызметке тағайындалған тұңғыш қазақ

admin_altyalash