Ереван қаласында Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы мәдени күндері өтеді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Маусым 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Ереван қаласында Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы мәдени күндері өтеді

15.04.2025
0
Ереван қаласында Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы мәдени күндері өтеді

Биыл 18-19 сәуір күндері аралығында Ереван қаласында Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы мәдени күндері өтеді.

Екі ел арасында мәдениет күндерін өткізу бірыңғай мәдени-ақпараттық ынтымақтастықты нығайтуға, екіжақты қатынастарды дамытуға ықпал ететіні сөзсіз. Аталған іс-шара екі ел арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі дамытуға серпін береді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен мәдени күндер аясында бірқатар іс-шаралар өтеді.

Атап айтсақ, 18 сәуір күні Ереван қаласының «Мәскеу» кинотеатрында сағат 16:00-де Қазақстан киносының ашылуы режиссер Рүстем Әбдірашовтың қазақ хандары туралы «Қазақ хандығы. Алтын тақ» атты тамаша туындысымен басталады. Сағат 19:00-де режиссер Фархат Шәріповтың «Тоқта, түн» фильмі көрермен назарына ұсынылады.
​​19 сәуір күні аталған кинотеатрда сағат 16:00-де режиссер Серікбол Өтепбергеновтың «Патриоттар уақыты» фильмі және 19:00-де режиссер Д. Ибрагимовтың «Бүркіт» фильмі көрсетіледі.​

Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы мәдени күндері аясында өтетін негізгі іс-шара – 19 сәуір күні сағат 19:00-де Арам Хачатурян атындағы концерт залында жоспарланған. Онда отандық өнерпаздардың қатысуымен Гала концерт өтеді. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Арменияның білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасян, жергілікті зиялы қауымдар, ғалымдар, жазушылар, дипломатиялық корпустың, шығармашылық одақтардың, қазақ диаспорасының өкілдері қатысады.
​​Гала-концертте Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Александр Беляков, Әйгерім Бекетаева, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Расул Жармағамбетов, Асқар Мұқият және басқа да өнер жұлдыздары танымал эстрадалық әндер мен халық композиторларының шығармаларын орындайды.

​Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Армения Республикасы Мәдениет министрлігінің бірігіп ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы Армения Республикасының мәдени күндері 2024 жылы қазан айында Астана қаласында өткен болатын.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Туристерге барлық жағдай жасау — басты мақсатымыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ана мен баланың өмірін сақтау – мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.