Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетӨнер

Тұрбай Мұратбектің «Сағыныштың түсі» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті

2025 жылдың 15 сәуірінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі қолөнер шебері, суретші Тұрбай Мұратбектің «Сағыныштың түсі» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті. Экспозицияда 40-тан астам инемен кестеленген жұмыс ұсынылды.

Суретші туындының құрылымы мен түстік түзілімін түрлі-түсті жіптер арқылы ойнатып, кескіндемелік жолақтарды, жағыстарды және кескіндерді аса дәлдікпен кесте арқылы көрсетеді. Жалпы суретшінің көрмеге қойылған жұмыстарынан – түстің қанықтығы, құрылымның нақтылығы байқалады. Автор туындыларының тағы бір ерекшелігі – дәстүрлі ою-өрнектерді шебер қолдануы.

Көркемөнердің ішінде балалық шаққа арналған тақырыптар да бар. Ол өз еңбектерінде ауылдың бейқам өмірін, бала көңілдің тазалығын, жан дүниенің тыныштығы мен сағыныш лебін көркем шеберлікпен жеткізген.

Көрме 4 мамырға дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

admin_altyalash

Саран қаласында жаңа зауыттар іске қосылуға дайындалуда

admin_altyalash

Жедел жәрдем жүргізушісі масаң күйде көлік басқарған

admin_altyalash