«Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ мәліметінше, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 2025 жылғы 13 сәуірге дейінгі аралықта жаңа өнімнің 7 миллион тонна астығы экспортталды. Бұл көрсеткіш өткен ауыл шаруашылығы маусымындағы (4,6 млн тонна) көрсеткішпен салыстырғанда 35,2%-ға жоғары.
Қазақстандық астық экспортының негізгі бағыты — Орталық Азия елдері. Мысалы, Өзбекстанға жеткізу көлемі 2 млн тоннадан 2,6 млн тоннаға дейін өсіп, 23,5%-ға артты. Тәжікстанға экспорт 33,7%-ға ұлғайып, 681 мың тоннадан 1 027 мың тоннаға жетті. Ауғанстанға жеткізу көлемі 26%-ға (198 мың тоннадан 267 мың тоннаға дейін), Қырғызстанға — 49,7%-ға (83 мың тоннадан 165 мың тоннаға дейін) өсті.
Астық экспортының Иран мен Әзербайжан бағыттары бойынша да айтарлықтай өсімі байқалды. Иранға экспорт көлемі 15,2 есеге артып, 54 мың тоннадан 825 мың тоннаға жетсе, Әзербайжанға — 99,4 есеге, яғни 5 мың тоннадан 497 мың тоннаға дейін өскен.
Қазақстан өңірлік азық-түлік нарығындағы өз позициясын нығайта отырып, сапалы астықты шетелге тұрақты түрде экспорттауды жалғастыруда.