Армения астанасында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлына арналған саябақ ашылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Маусым 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Армения астанасында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлына арналған саябақ ашылды

19.04.2025
0
Армения астанасында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлына арналған саябақ ашылды

Арменияда өтіп жатқан Қазақстанның мәдени күндері аясында Ереван қаласында Абай Құнанбайұлы атындағы саябақтың салтанатты ашылуы өтті. Айтулы оқиға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ереванға жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген мемлекеттер басшылары арасындағы келісім нәтижесінде жүзеге асты.

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасының ресми делегациясын бастап барған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасян, Ереван қаласы мэрінің бірінші орынбасары Армен Памбухчян, Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Иманбаев, сондай-ақ қос елдің зиялы қауым өкілдері, жергілікті тұрғындар мен армян астанасының қонақтары қатысты.

Саябақтың ашылу салтанатында қысқаша сөз сөйлеген Аида Балаева Армения билігіне және жобаның жүзеге асуына атсалысқан барлық азаматтарға алғысын білдірді. Министр бұл оқиғаның екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықтың жаңа кезеңін білдіретінін атап өтті.

– Біз бүгін тарихи оқиғаның куәсі болып отырмыз. Армения астанасында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлына арналған саябақ ашылды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Республикасына ресми сапары аясында Астана қаласындағы бір көшеге армян әліпбиінің негізін қалаушы Месроп Маштоц есімін беру туралы екіжақты келісім жасалғаны белгілі. Бүгін біз сол келісімнің, достық пен тығыз мәдени байланыстардың айқын көрінісіне айналғанын көріп отырмыз, – деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрі.

Салтанатты іс-шара аясында Қазақстан мен Армения министрлері екі ел арасындағы мәдени байланыстардың тамыры тереңдеп, болашақта одан әрі нығая түсетінінің нышаны ретінде саябаққа ағаш отырғызды.

Айта кетейік, Абайға арналған ескерткіштер, бюсттер мен мемориалдық тақталар әлемнің ондаған елінде – Босния және Герцеговина, Германия, Грузия, Иран, Корея, Қытай, Қырғызстан, Венгрия, Египет, Өзбекстан, Румыния, Түркия, Түрікменстан, Франция, Швейцария және Татарстанда (Ресей) орнатылған.

Мерекелік іс-шара соңы Абай Құнанбайұлының «Сегіз аяқ» шығармасын орындаған Қазақстанның домбырашылар ансамблі мен Аван Мәдениет үйінің жас өнерпаздарының концертімен жалғасты. Сонымен қатар қонақтар қазақ халқының ұлттық мәдениетімен, заманауи әдебиетімен және дәстүрлі тағамдарымен танысты.

Бүгін министр Аида Балаева бастаған қазақстандық делегация Месроп Маштоц атындағы көне қолжазбалар ғылыми-зерттеу институты – Матенадаранға барып, армян халқының ежелгі жазба мұрасымен, оның ішінде армян әліпбиінің негізін қалаушының қолтаңбасы бар делінетін манускрипттермен танысты.

Мәдени күндер бүгін Ереван қаласындағы Арам Хачатурян атындағы орталық концерт залында өтетін гала-концертпен қорытындыланады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЕҢ АУҚЫМДЫ СПОРТТЫҚ ЖОБА ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА БАСТАУ АЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Жасыл» технологияларды өнеркәсіпке енгізу перспективалары

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.