Өнер мен мәдениетте ешқандай шекара болмайды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Маусым 11, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Өнер мен мәдениетте ешқандай шекара болмайды

20.04.2025
0
Өнер мен мәдениетте ешқандай шекара болмайды

Армения Республикасында өткен Қазақстан мәдени күндері аясында Арам Хачатурян атындағы концерт залында қазақстандық өнерпаздардың гала-концерті өтті. Ауқымды мәдени шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Ереван қаласына жасаған ресми сапары барысында Мемлекет басшыларының қол жеткізген келісімдері нәтижесінде ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі, ресми делегация басшысы Аида Балаева, Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасян, Қазақстан Республикасының Армениядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Иманбаев, сондай-ақ армян зиялы қауымы өкілдері, дипломатиялық корпус, шығармашылық одақтар, қазақ диаспорасы, ғалымдар, жазушылар мен мәдениет қайраткерлері қатысты.

«Бүгінгі игі іс-шара – Мемлекет басшыларының достық қарым-қатынасы мен екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің жемісі. Біздің бүгінгі кездесуіміз қасиетті Пасха мерекесімен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өткім келеді. Бұл да – достық пен бірліктің, жанашырлық пен мейірімге бастайтын ізгіліктің символы. Алдағы уақытта елдеріміз арасындағы байланыс берік әрі нәтижелі боларына сенемін. Себебі өнер мен мәдениетте ешқандай шекара болмайды. Мәдениет елдерді біріктіреді, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен құрметтің негізін қалайды. Ортақ құндылықтар мен шығармашылық байланыс – бейбітшілік пен достықтың мызғымас дәнекері», – деді Аида Балаева құттықтау сөзінде.

Гала-концерт бағдарламасы көрерменге ерекше әсер сыйлады. Онда халық әндері мен заманауи композиторлардың туындылары, қазақстандық эстрада, классика мен фольклор үндесіп, үйлесім тапты. Сахна төрінде аты аңызға айналған әнші, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Александр Беляков пен Айгерім Бекетаева, HasSak этнофольклорлық ансамблі, «Бірлік» би ансамблі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Расул Жармағамбетов, Асқар Мұқият және басқа да қазақстандық әртістер өнер көрсетті.

Көрермендер әрбір өнерпазды ыстық ықыласпен, құрметпен қарсы алды. Концерт соңында көрермендер орындарынан тік тұрып, қошемет көрсетті. Бұл – қазақстандық өнерге деген шынайы қызығушылық пен ілтипаттың көрінісі. Гала-концерт шынайы мәдениет пен достық мерекесіне айналды.

Армениядағы Қазақстан мәдени күндері аясындағы іс-шараларға 3000-нан астам адам қатысты. Сонымен қатар, қос елдің министрлері – Аида Балаева мен Жанна Андреасян арасында екіжақты кездесу өтіп, мәдени ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Іс-шаралар бағдарламасында қазақстандық фильмдер көрсетіліп, Ереван қаласында Абай Құнанбайұлы атындағы саябақтың салтанатты ашылуы өтті.

Бұдан бөлек, Қазақстанның ресми делегациясы түрлі салалар бойынша армян әріптестерімен кездесулер өткізіп, ақпарат, музей және кітапхана ісі, киноөндіріс салаларындағы ынтымақтастықтың келешегі, бірлескен бастамалар жөнінде пікір алмасты.

Айта кету керек, Қазақстан мен Армения арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнаған уақыттан бері мұндай ауқымды мәдени шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Қазақстан мәдени күндері Арменияда алғаш рет жоғары мемлекеттік деңгейде өтті. Бұған дейін, 2024 жылдың қазан айында Астанада Армения мәдениеті күндері өткен болатын.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бүгінгі ұстаз – болашақтың сәулетшісі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пасха мерекесімен құттықтауы

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.