Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Мемлекет басшысына елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспары таныстырылды

Жеңіс Қасымбек биыл Астана қаласында 1 миллионнан астам түп жасыл желек егу жоспарланғанын айтты. Сонымен қатар 180-нен аса қоғамдық кеңістік пен ауланы абаттандыру көзделіп отырғанын жеткізді.

Аталған жұмыстар шаһардың тарихи көшелерінде, Президент саябағында, Үкімет үйінің айналасында, Есіл өзенінің жағалауында, «Мыңжылдық» аллеясында, Триатлон паркінде, Greenline бульварында, Желілік саябақта, вокзал маңы мен Иллюзия паркінде, Сығанақ, Ш.Қалдаяқов, Гете, Біржан сал және басқа да көшелердің бойында жүргізіледі.

Сондай-ақ Ақбұлақ өзенінің арнасын тазалау жалғасады. Келесі айда «Қазақстан» спорт кешенін жаңғырту жұмыстары басталады.

Астанада ағаштарды құжаттандыру және цифрландыру арқылы есепке алу шаралары қолға алынады. Қала тұрғындары QR кодтың көмегімен ағаш туралы ақпарат алып, оған қатысты мәселе туындаса тиісті органдарға хабарлау мүмкіндігіне ие болады.


Ұқсас жаңалықтар

Сенат депутаттары Жаңаөзен қаласында мұнайшыларға АЭС жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масато Канданы қабылдады

admin_altyalash

Абай облысында заңсыз ойын бизнесі тоқтатылды

admin_altyalash