Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғамРуханият

«Ұлы дала жорығы» марафоны еліміздің спорттық имиджін көтеріп қана қоймай, туризм саласына да жаңа серпін бермек

Фото: Алматы облысы әкімдігі

«Ұлы дала жорығы» марафоны  бес күнге жалғасады, ал жалпы қашықтық 500 шақырым.  Оған 15-ке жуық ел қатысады жоспарланған.  

Жарыс Алматы – Өскемен тас жолындағы Бақанас көпірінен басталады. Марафон барысында қатысушылар Балқаш, Жамбыл, Іле аудандарының бірнеше ауылдарын кесіп өтеді. Балқаш ауданында Миялы, Бақбақты, Бақанас, Ақдала, Бояулы, Береке, Бура, Үшжарма, Ақжар, Аралтөбе, Желтораңғы, Топар ауылдары арқылы өтеді. Жамбыл ауданы Қаншеңгел, Ащысу, Айдарлы, Бозой ауылдарын қамтып, Іле ауданы Ақши ауылынан өтіп, марафон Қонаев қаласының «Қарлығаш» шағын ауданында аяқталады. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі хабарлады.

Жорықтың жабылу салтанаты мен марапаттау рәсімі Қонаев қаласының орталық алаңында өтеді.

«Ұлы дала жорығы» марафоны еліміздің спорттық имиджін көтеріп қана қоймай, туризм саласына да жаңа серпін бермек. Әлемнің әртүрлі елдерінен келген қонақтар мен қатысушылар бұл шараға қатыса отырып, Қазақстанның бай мәдени мұрасын тамашалай алады.

Ұқсас жаңалықтар

Елбасы Еуразия ауқымында жаңа ұйым құруды ұсынды

admin_altyalash

Бұйрық жобасы балалардың барлық санаттары үшін сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болмақ

admin_altyalash

Үлкен жетістіктерге жетелейтін спорт – елдің оң имиджін қалыптастырады

admin_altyalash