Мәдениет — бұл тек өткеннің мұрасы емес – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Мамыр 10, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Мәдениет — бұл тек өткеннің мұрасы емес

28.04.2025
0
Мәдениет — бұл тек өткеннің мұрасы емес

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен VII Мәдениет саммитіне қатысты.

Форумның негізгі тақырыптары жасанды интеллекттің мәдениет пен адам шығармашылығына ықпалы, сондай-ақ тұрақты болашақ жолындағы бейбітшілікті нығайтуда мәдени байланыстардың рөлі болды.

Пленарлық сессияда сөз сөйлеген Аида Балаева жаһандық тұрақсыздық жағдайында мәдениеттің ерекше маңызын атап өтті.

«Мәдениет — бұл тек өткеннің мұрасы емес. Бұл — диалогтың тетігі, ұрпақтар, ұлттар мен діндер арасындағы көпір. Өркендеу дәуірінде де, қиын кезеңдерде де дәл мәдениет рухты көтеріп, шабыттандырып, адамдарды біріктіріп отырды. Бүгінде де ол — болашаққа апаратын сенімді тірегіміз әрі елдер арасындағы өзара іс-қимыл тетігі», — деді министр.

Сонымен қатар, Аида Балаева Қазақстандағы ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени әралуандық дәстүрлеріне тоқталды. Бүгінде елімізде жүзден астам этнос өкілдері өз тілін, өнерін сақтап, бейбіт өмір сүріп келеді. Министр Мемлекет басшысы жариялаған «Әралуандықтағы бірлік» қағидаты Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің берік негізіне айналғанын ерекше атап өтті.

Саммит жұмысына 90 елдің делегациялары қатысты. Халықаралық жиын идея алмасу, гуманитарлық саладағы халықаралық ынтымақтастықты және мәдениет арқылы бейбітшілікті нығайтуға бағытталған жаңа бастамаларды қалыптастыратын маңызды алаңға айналды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Өңірлік ғылым шешуші рөл атқаруы тиіс

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Өңірде алғаш рет республикалық әжелер форумы өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.