ІҚМ және ҰМ әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізіледі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ІҚМ және ҰМ әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізіледі

29.04.2025
0
ІҚМ және ҰМ әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізіледі

2025 жылдың  30 сәуірінен бастап Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне бұқашықтар мен тоқтыларды экспорттау квотасын бөлу қағидалары күшіне енеді. Бұл норма алты ай мерзімінде әрекет етеді.

12 айдан асқан бұқашықтарды әкетудің сандық лимиті 60 мың басты құрайды, оның ішінде бордақылау алаңдары үшін – 40 мың бас, тауар өндірушілер үшін – 20 мың бас.

4 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетудің сандық лимиті 120 мың басты құрайды, оның ішінде бордақылау алаңдары үшін – 60 мың бас, тауар өндірушілер үшін – 60 мың бас.

Қазақстан Республикасының аумағынан 12 айдан асқан бұқашықтарды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит бір жолғы немесе жиынтық мөлшерде бордақылау алаңы қуатының 30 пайызынан аспайды, ал бір тауар өндірушіге – квотаның қолданысының бүкіл кезеңіне 500 бастан аспайды.

Қуаттылығы 13 000 бас және одан да көп бордақылау алаңдары үшін 12 айдан асқан бұқашықтарды әкетуге арналған лимит квота қолданысының бүкіл кезеңіне 4000 бастан аспауға тиіс

Қазақстан Республикасының аумағынан 4 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит біржолғы және жиынтық мөлшерде бордақылау алаңы қуатының 30 пайызынан аспайды, ал бір тауар өндірушіге – квотаның қолданысының бүкіл кезеңіне 500 бастан аспайды.

Қуаттылығы 5000 бас және және одан да көп бордақылау алаңдары үшін 4 айдан еркек тоқтыларды әкетуге арналған лимит квота қолданысының бүкіл кезеңіне 1500 (бір мың бес жүз) бастан аспауға тиіс.

Бұл ретте, Квота бөлу сәтінде бордақылау алаңындағы немесе тауар өндірушідегі малдың нақты саны карантиндеуге өтінім берген кезде тіркелген квотаның сұратылған көлемінен екі есе көп болуға тиіс.

Әкетуге жоспарланған жануарлар ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда өтініш берушінің – бордақылау алаңының немесе тауар өндірушінің атына карантинге қоюға дейінгі 3 айдан ерте емес мерзімде тіркелуге тиіс.

Квота эпизоотиялық зерттеп-қарау актісінің қолданылу мерзімі ішінде жарамды және сәйкесінше жануарларды әкету осы мерзімдерде жүзеге асырылады.

Квоталар «Е-лицензиялау» порталында бөлінеді және «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жекелеген тауар түрлерін экспорттауға лицензия алу кезінде автоматты түрде беріледі.

Айта кету керек, лицензия иелері лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде уәкілетті органға Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларына № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензияның орындалуы туралы анықтаманы ұсынады.

Толығырақ бұйрықпен сілтеме арқылы танысуға болады: http://zan.gov.kz/client/#!/doc/209556/kaz

«Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларымен толығырақ сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/adilet/V2300033571?lang=kk.

Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Жетісу» волейболшы қыздары Азияның клубтық Чемпиондар лигасындағы тұңғыш алтын медалін иеленді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жобаның мәні елді мекендердің аумағын айналып өту кезінде компьютерлік көруді қолдану болып саналады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.