Қазақстандықтардың 73%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды / деген пікірде – әлеуметтанулық сауалнама – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандықтардың 73%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды / деген пікірде – әлеуметтанулық сауалнама

05.05.2025
0
Қазақстандықтардың 73%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды / деген пікірде – әлеуметтанулық сауалнама

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес, азаматтардың 73,3 пайызы еліміз дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді.

Мемлекеттік бастамаларды қолдаудың ең жоғары деңгейі жастар арасында –18-29 жас аралығындағы респонденттердің 82%-ы қолдаған. Бір қызығы, ерлерге (71,1%) қарағанда әйелдер елдің дамуына (75,3%) оптимистік көзқарас білдіруде.

Қоғамдық көңіл-күйдің маңызды көрсеткіші – халықтың ел Президентіне деген сенімі. Қоғамдық пікірді зерттеу нәтижесі бойынша ел халқының 76,4% Мемлекет басшысына сенім білдірді. Президентке деген сенімнің жоғары деңгейі жастар арасында – 84,6%, әйелдер арасында – 78,1% (ерлерде – 74,5%) байқалды. Ауыл және қала тұрғындарының сенім деңгейінде елеулі айырмашылық байқалмайды – тиісінше 76,8% және 76,1%.

Бұл ретте респонденттердің жартысынан астамы – 60,8% елдің алдағы бес жылдағы даму болашағын «өте дұрыс» және «едәуір дұрыс» деп бағалайды.

Бұл әлеуметтік оптимизм өмірге қанағаттану сияқты қоғамдық көңіл-күйдің көрсеткішінде де көрінеді. «Жалпы, сіз өз өміріңізге қаншалықты қанағаттанасыз?» деген сұраққа респонденттердің 57,3%-ы «толығымен қанағаттанамын» деп есептесе, 32,8%-ы «едәуір қанағаттанамын» деп жауап берген.

Сондай-ақ респонденттер елдің саясаты, экономикасы және қоғамдық өмірі туралы ақпаратты желілік БАҚ-тан (30,3%) және әлеуметтік желілерден (34,7%) алғанды жөн көретінін атап өтті.

18 жастан асқан 8 мың респондент қатысқан зерттеу 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаланы қамтыды. Сауалнама 2025 жылдың 20 наурызы мен 20 сәуірі аралығында халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымын көрсететін іріктеу бойынша жеке сұхбаттарды (CAPI) пайдалана отырып жүргізілді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Пойызға қандай заттарды алып өтуге болмайды?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Баспасөз қызметтері мен БАҚ өкілдеріне арналған семинар өтеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.