Абай университетінде Жеңіс күніне орай «Ерлікке тағзым» ескерткіш тас белгісі орнатылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Мамыр 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Абай университетінде Жеңіс күніне орай «Ерлікке тағзым» ескерткіш тас белгісі орнатылды

06.05.2025
0
Абай университетінде Жеңіс күніне орай «Ерлікке тағзым» ескерткіш тас белгісі орнатылды

2025 жылдың 6 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» ескерткіш тас белгісінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Көркемдік композиция Кеңес Одағының батырлары – Мәлік Ғабдуллин, Лесбек Жолдасов, Қанаш Қамзин, Құдайберген Сұрағанов, Рахымжан Тоқатаев, Ахмедияр Құсайынов, Сәду Шәкіров, Евгений Бреусов, Жолдыбай Нұрлыбаев және майданға аттанған 114 ҚазПИ (қазіргі – Абай атындағы ҚазҰПУ) студенттері мен оқытушыларына тағзым ретінде қойылды.

Ескерткіштің ашылуы – Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларымызды ұлықтап, олардың есімдерін ұрпақ санасында мәңгі есте қалдыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп,  Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Алмаз Кеңесбай, проректорлар, факультет декандары, кафедра және бөлім меңгерушілері, профессорлық-оқытушылар құрамы, ардагер ұстаздар мен Кеңес Одағының батырлары атанған университет түлектерінің ұрпақтары, сондай-ақ білім алушы жастар қатысты.

Абай университетінің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп құттықтау сөзінде: «Осы күнге дейін университетімізден майданға аттанып, Кеңес Одағы батыры жоғары дәрежесіне ие болған 8 тұлға белгілі болған болса, Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында біздің тарихшы ғалымдарымыздың зерттеп-зерделеуімен, архивтік құжаттарды қайта қарап, жұмыстануының нәтижесінде тоғызыншы батырдың да осы университеттен шыққаны анықталып отыр. Осы орайда университет түлектерінің қолдауымен арнайы белгі тас орнатылып жатыр. Бұл белгі – университетімізден майданға аттанған оқытушылар, ғалымдар мен студенттердің ерлігіне, бабалар рухына тағзым ретінде қойылды», – деп атап өтті.

Ресми іс-шара соңы «Ерлікке тағзым» атты концерттік бағдарламамен жалғасты.

Айта кетейік, «Ерлікке тағзым» ескерткіш тас белгісі Абай атындағы ҚазҰПУ-дың түлегі Рақымберді Жетібайдың демеушілігімен орнатылды. Ал аталған шараның ұйымдастырылуына университеттің Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменті мұрындық болды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Біз мақта шаруашылығына қатысты жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚазҰПУ-да Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.