Біз мақта шаруашылығына қатысты жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Мамыр 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Біз мақта шаруашылығына қатысты жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз

06.05.2025
0
Біз мақта шаруашылығына қатысты жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақтаны терең өңдеп, дайын өнімді экспорттауға бағытталған ауқымды инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Үш кезең бойынша іске асырылатын жобаның жалпы құны – 146,8 млрд теңге.

«Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені» ЖШС өкілдерінің мәліметінше, 2024 жылы тамшылатып суару әдісін қолдану арқылы 1,2 мың гектар жерге мақта егілген. Өнімділік гектарына 60 центнерді құрады.

Биыл 2-кезең аясында 32 мың гектарға мақта егу, 3 мақта өңдеу зауытының, тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыттың және жылына 45 млн жүгірме метр көлемінде тоқыма емес материалдар өндіретін фабриканың құрылысын бастау жоспарланып отыр.

2026 жылы мақта егіс алқаптарын 50 мың гектарға дейін ұлғайту, сондай-ақ екі мақта өңдеу зауытының, тігін және бояу-тоқыма фабрикаларының құрылысын бастау көзделген.

Министр атап өткендей, мақта шаруашылығы – агроөнеркәсіптік кешеннің болашағы зор бағыттарының бірі. Бұл саланы дамыту үшін жүйелі тәсіл қажет: егіс алқаптарын ұлғайту, заманауи агротехнологияларды енгізу және шикізатты терең өңдейтін инфрақұрылымды дамыту.

«Биыл бұл бағытта аймақта елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. 2023 жылға дейін тамшылатып суару әдісімен бар болғаны 2 000 га жерге мақта егілсе, биыл бұл көрсеткіш 50 000 гектарға жетті. Саланы дамыту үшін мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған. Біз мақта шаруашылығына қатысты жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді Айдарбек Сапаров. Ол жобаның барлық кезеңдерін жедел жүзеге асырып, өңдеу кәсіпорындарының уақытылы салынуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ министр «Gen Group Kazakhstan» ЖШС жылыжай кешеніне барды. Онда 5 гектар аумақта банан өсіріледі. Өткен жылы 385 тонна өнім жиналса, биыл шамамен 1000 тонна алу жоспарланған.

Жылыжайда тамшылатып суару жүйесі қолданылады, барлық үдерістер автоматтандырылған. Сонымен қатар шаруашылықта лимон мен құрманы жергілікті климатқа бейімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Өңірдің ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесу барысында көктемгі егіс жұмыстарының барысы, жанар-жағармаймен, тұқыммен, техникамен қамтамасыз ету және суармалы сумен қамту сияқты аграршыларды алаңдататын өзекті мәселелер талқыланды. Мемлекеттік қолдау, оның ішінде субсидиялау, несиелеу және аграрлық жобаларға инвестиция тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Министр көтерілген барлық мәселелерге жан-жақты жауап беріп, жауапты қызметтерге нақты тапсырмалар жүктеді. Ол министрліктің ауыл шаруашылығы өндірушілерімен ашық диалогқа дайын екенін және өңірлерде агробизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыс жалғасатынын атап өтті.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстан үшін Вьетнам – Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестердің бірі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Абай университетінде Жеңіс күніне орай «Ерлікке тағзым» ескерткіш тас белгісі орнатылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.