Құрылғы аймақтық робототехника чемпионатта үздік ондыққа енді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Мамыр 15, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Құрылғы аймақтық робототехника чемпионатта үздік ондыққа енді

13.05.2025
0
Құрылғы аймақтық робототехника чемпионатта үздік ондыққа енді

Аягөз ауданындағы көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары Ильяс Закиров пен Диас Дастанов қарапайым заттардан тиімді су сүзгісін жасап шығарды. Бұл құрылғыны су тасқыны, жер сілкінісі немесе ауызсу жүйесі істен шыққан жағдайда шұғыл көмек құралы ретінде пайдалануға болады.

Жас өнертапқыштар көктемгі еріген қар мен жауын суларының босқа кететінін байқап, оларды сүзгіден өткізу арқылы уақытша ауызсу көзіне айналдыруды ұсынды. Сүзгі тұрмыста да, құрылыс алаңында да, төтенше жағдайларда да қолдануға ыңғайлы.

Құрылғы бөтелке, құм, ұсақ және ірі тас, белсендірілген көмір мен мақта секілді қолжетімді заттардан тұрады. Әр қабатының өз қызметі бар: тастар – лайдан, көмір – иістен, құм – бактериялардан тазартады. Ал мақта – соңғы ұсақ қалдықтарды сүзіп өткізеді. Балалар сүзгі арқылы суды 48 пайызға дейін үнемдеуге болатынын есептеп шыққан.

Жобаның жетекшісі – Қантжан Бастосова. Оның айтуынша, Ильяс пен Диас экология мен ІТ бағыттарын біріктіріп, болашақта осындай қолданбалы құрылғыларды жетілдіруді көздеп отыр.

«Біз бұл сүзгіні кез келген адам төтенше жағдайда өз бетінше қолдана алатындай етіп жасадық. Қарапайым заттардан пайдалы дүние құрастыруға болатынын дәлелдегіміз келді», – дейді оқушылар.

Құрылғы аймақтық робототехника чемпионатта үздік ондыққа енді. Қазір оқушылар сүзгіні ІТ технологиялармен үйлестіріп, нақты өнімге айналдыруға күш салуда.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Педагогтің алдында ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жөніндегі ерекше міндет тұр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жеңілдетілген несие — нәтиже үшін еңбек ететіндерге берілген мүмкіндік

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.