Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЖаһан жаңалықтары

Аймақтық ынтымақтастықты дамытуға серпін бермек

Ташкент қаласында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің жастармен жұмыс істейтін мемлекеттік органдары өкілдеріне арналған өңірлік тренинг өтіп жатыр. Қазақстан атынан Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері қатысуда.

Аталған тренинг жастар арасындағы қылмыстың алдын алу саласындағы диалог пен озық тәжірибе алмасуға арналған алаң ретінде ұйымдастырылып, заңдылық мәдениетін нығайтуға бағытталған аймақтық ынтымақтастықты дамытуға серпін бермек. Сонымен қатар, бұл оқу бағдарламасы жастардың қылмыстық әрекетке тартылу және радикалдық топтар тарапынан үгіттелу қаупін анықтауға бағытталған шараларды жетілдіруге жол ашады.

Тренинг форматына интерактивті пікірталастар, сарапшылардың таныстырылымдары мен бастамалары, сондай-ақ жастар арасындағы қылмыстың алдын алуға арналған тиімді модельдерді әзірлеуге бағытталған практикалық сабақтар енген.

Іс-шара ЕҚЫҰ-ның Экономикалық және экологиялық қызмет жөніндегі үйлестіруші Бюросы (БКЭҚҮБ) мен ЕҚЫҰ Хатшылығының Трансұлттық қауіптер департаменті (ТҚД) жүзеге асырып жатқан «Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлық қатерлеріне қарсы іс-қимылға бағытталған білім беру мен ақпараттандыру науқандары арқылы жастар арасындағы қылмыстың алдын алуды күшейту» жобасы аясында өткізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов Орталық Азия елдері делегациялары басшыларымен Аралды құтқару қорының басым міндеттерін талқылады

admin_altyalash

Алматы қалалық кардиология орталығында жүкті әйелге алғаш рет рентгенсіз бірегей ота жасалды

admin_altyalash

Адай тұқымдас жылқының 6 түрі жаңа ұлттық бренд ретінде тіркелді

admin_altyalash