Бүгінгі рәсім – өндірістік дамуға басқан символдық мәні зор алғашқы қадам – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Мамыр 16, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Бүгінгі рәсім – өндірістік дамуға басқан символдық мәні зор алғашқы қадам

15.05.2025
0
Бүгінгі рәсім – өндірістік дамуға басқан символдық мәні зор алғашқы қадам

Жаңа Семей ауданының Шақаман ауылында ет және ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды. Өңір үшін маңызды нысанның іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, «Eurasia Agro Semey» ЖШС құрылтайшылары ағайынды Сайлау, Ерлан Мұқашевтар қатысты.

Ет және ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешен бір ауысымда 35 тонна ет өнімін өңдеуге мүмкіндік береді. Мұнда ірі қара, қой және жылқы етін өңдеу арқылы сапалы шұжық, консервіленген өнімдер, жартылай фабрикаттар мен жоғары санатты ет деликатестері өндіріледі. Бұл өндіріс тері-былғары саласына қажетті шикізатты ұсыну арқылы өңірде толық өндірістік тізбекті, яғни өндірістің экожүйесін қалыптастырады. Сонымен қатар қалдықсыз технологияларды қолдану арқылы экологиялық талаптарға толық сәйкес келеді.

«Eurasia Agro Semey» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыратын, Австралия және Еуропаның заманауи технологиясымен жабдықталатын ет комбинаты жобасының құны 7,7 млрд теңгені құрайды. Жоба іске асқанда 1000 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Жоба бойынша 7 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау алаңы дайындалған. Қазір 10 мың бас ірі қараға арналған алаң салу үшін жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жоба Абай облысын 2027 жылға дейін дамыту жоспарына енгізіліп, өңірлік және ұлттық деңгейде басымдыққа ие жоба ретінде танылды. Мемлекет басшысы бұл бастаманы 2025 жылдың ақпан айында өткен жұмысшы мамандықтарының көрмесінде жеке атап өтіп, жобаның маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ Президент Әкімшілігі тарапынан тұрақты бақылауға алынып, іске асырылуына қолдау көрсетіліп отыр.

Облыс әкімі мұндай ауқымды инвестициялық жобаның өңір үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында «Агроөнеркәсіп кешенін индустрияландыруды белсенді түрде жалғастыру қажет» деп атап өткен болатын. Бұл кешен – тек өндіріс қана емес, мал шаруашылығын жүйелі дамытудың, бордақылау алаңдарын кеңейтудің, жаңа жұмыс орындарын ашудың және елді мекендендердің әлеуетін арттырудың нақты үлгісі. Қазіргі таңда өңірдегі мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар өсірген малын, тері өнімдерін лайықты бағада өткізе алмай жүр. Бұл ауыл еңбеккерлеріне нақты көмек болмақ.
Сонымен қатар Абай облысына ғана емес, көрші Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының шаруаларына да үлкен қолдау болады деп ойлаймын. Өндірістік кешенді кезінде шет мемлекеттерге дейін өз өнімін экспорттаған Семей ет комбинатының қайта жаңғыруы, заңды жалғасы деуге болады.
Осындай нақты жобаларды іске асырудың нәтижесінде шетелдік және отандық ірі инвесторлардың аймағымызға деген қызығушылығын арттыра аламыз. Мұндай жобалар олардың облыс агроөнеркәсіп кешеніне қомақты қаржы салуына сенімді негіз болады. Бүгінгі рәсім – өндірістік дамуға басқан символдық мәні зор алғашқы қадам. Аталған жобаның халық игілігіне қызмет етіп, өңірдің дамуына серпін беретініне сеніміміз мол» деді аймақ басшысы.

Өндірістік кешенді 2026 жылы тамыз айында іске қосу жоспарланып отыр.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Google Classroom қазақ тілінде де қолжетімді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Іс-шараның мақсаты — отбасы институтының рөлін нығайту, қазақтың дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын кеңінен насихаттау

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.