«AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалы бастауыш партия ұйымдарының қатысуымен «Қазағымның дәстүрлері-ай» атты мәдени-отбасылық іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты — отбасы институтының рөлін нығайту, қазақтың дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын кеңінен насихаттау.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бұл маңызды шараға белсене қатысты. Министрлік атынан Заң қызметі департаментінің бас сарапшысы Сүлейменов Жарбол Жарылқағанұлы жұбайы Қаланова Әйгерім Сәтбайқызымен және қыздары Айару, Айзеке және Айшамен бірге қатысып, мәдени мұра мен отбасылық дәстүрді ұлықтап, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырудың маңыздылығын көрсетті.
Сүлейменовтер отбасы “Көрермендер көзайымы” жүлдесін жеңіп алып, ауызбіршіліктің, ұлттық мәдениетке және отбасылық құндылықтарға деген құрметтің жарқын үлгісін паш етті.
Ұлттық құндылықтарды сақтау жолында бастама көтеріп, жылы шырайлы атмосфера сыйлаған ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!