Іс-шараның негізгі мақсаты – өнер мен мәдениет арқылы инклюзияны ілгерілету – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Мамыр 29, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Іс-шараның негізгі мақсаты – өнер мен мәдениет арқылы инклюзияны ілгерілету

19.05.2025
0
Іс-шараның негізгі мақсаты – өнер мен мәдениет арқылы инклюзияны ілгерілету

Жетісу облысының Талдықорған қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Kazakhstan: Ethno-Inclusive Dialogue» атты тұңғыш халықаралық инклюзивті этнокөрме өтті. Іс – шараны облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Талдықорған қаласы әкімдігінің қолдауымен «Мейірім» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Көрме орталығының ғимаратында өткен іс-шараның негізгі мақсаты – өнер мен мәдениет арқылы инклюзияны ілгерілету. Ерекше қажеттілігі бар жандардың өз қолымен жасаған авторлық бұйымдарының таныстырылуына ерекше назар аударылды.

– Біз шығармашылықтың шегі жоқ екенін көрсетуге тырыстық. Мүгедектігі бар адамдар жай ғана көрермен емес, мәдени диалогтың толыққанды қатысушысы да бола алады. Бұл көрмеде біз мұны ашық жариялауға мүмкіндік алдық. Біз жай ғана көрме емес, қарым-қатынас орнататын, шабыт алатын, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын алаң құруға тырыстық. Көптеген қатысушылар іс-шара барысында жаңа тұтынушылар мен серіктестер тапты, – деп атап өтті «Мейірім» МҚБ төрағасы Гүлвира Таубалдинова.

Жалпы көрмеге келушілер отандық және Ресей, Түркия, Өзбекстаннан келген шетелдік шеберлердің қолынан шыққан бұйымдарының көрме-жәрмеңкесін аралап, қолөнершілердің шеберлік сабақтарына қатысып, жергілікті әртістер мен шығармашылық ұжымдардың өнерлерін тамашалады.

Бұл іс-шара түрлі мүмкіндіктер мен көзқарастардағы адамдар арасында алтын көпір қызметін атқаратын ашық және толерантты қоғам құруға бағытталған маңызды қадам болды.

Жетісу облысындағы көрме ұйымдастырушылардың айтуынша, өңірде әр адамның өз құндылығын сезіндіретін және өз әлеуетін іске асыра алатын инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған бастамаларға әрдайым қолдау білдіріледі.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Әлемге әйгілі Әнуар» атты мерейтойлық іс-шара өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Дені сау ұрпақ – Әділетті Қазақстанның келешегі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.