Мәдениет қызметкерлеріне – құрмет пен алғыс – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Маусым 3, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Мәдениет қызметкерлеріне – құрмет пен алғыс

20.05.2025
0
Мәдениет қызметкерлеріне – құрмет пен алғыс

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай 21 мамыр күні Көксу аудандық кітапханасы «Мәдениет – ұлы қазына» атты мазмұнды және тағылымды кездесу кешін ұйымдастырды. Бұл игі шара мәдениет саласында аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлердің кәсіби мерекесіне орайластырылып, рухани құндылықтарды дәріптеуге арналды.

Кешке ауданның мәдени өміріне елеулі үлес қосқан ардагерлер мен қазіргі таңда осы салада қызмет атқарып жүрген мамандар қатысты. Олар өздерінің ұзақ жылдарғы тәжірибесімен, қызықты әрі әсерлі естеліктерімен бөлісіп, мәдениеттің ел дамуындағы орны мен маңызын ерекше атап өтті. Ардагерлердің шынайы әңгімелері жастарға зор әсер қалдырып, олардың жүрегіне рухани от ұялатты.

Іс-шара аясында кітапхана қызметкерлері мәдениет пен өнер тақырыбына арналған викториналық ойын ұйымдастырып, қатысушылардың білімін сынға салды. Ойын барысында қонақтар белсенділік танытып, сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, достық және шығармашылық атмосфера орнады.

Сонымен қатар, мәдениет тақырыбындағы әдебиеттерді қамтитын кең ауқымды кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Көрме барысында кітапхана қызметкерлері кітаптарға қысқаша шолу жасап, оқырмандарды ұлттық мәдени мұраны танып-білуге және рухани дамуға үндеді.

Шара соңында қатысушылар кітапхана ұжымына алғыстарын білдіріп, мұндай мазмұнды кездесулердің жиі өткізіліп тұруының маңыздылығын атап өтті. «Мәдениет – ұлы қазына» атты кездесу кеші аудан жұртшылығы үшін рухани байлық пен жылы ықыласқа толы әсерлі басқосу болды.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қайрат Байбосыновқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.