Заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту – қазіргі күннің талабы – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту – қазіргі күннің талабы

20.05.2025
0
Заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту – қазіргі күннің талабы

Алматыда заңсыз құрылысқа бақылау күшейтілді

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен заңсыз құрылысқа қарсы бақылауды жұмыстары күшейтіліп жатыр. 2022 жылдың басынан 2025 жылдың мамырына дейін қалада рұқсатсыз салынған 88 нысан толығымен немесе жартылай бұзылды. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасынан хабарлады.

2025 жылы заңсыз салынған 18 ғимарат сүрілді. Олардың ішінде тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар, жапсаржайлар, дәмханалар, көлік жуу орындары және басқа да құрылыстар бар. Ең ірі нысандар қатарында «Мечта» таунхаусы, «KHAN» ТҮК және Достық даңғылындағы 7 қабатты әкімшілік ғимарат бар.

Таулы аймақтағы заңсыз құрылысқа ерекше назар аударылды. Мұнда 38 нысанға қатысты сот шешімі шыққан, олардың 12-сі толық немесе жартылай бұзылған.

Тағы 3 нысанда құрылыс жұмыстары бастапқы кезеңде тоқтатылған.

Бұзу жұмыстары тек сот шешімі мен тиісті құжаттар негізінде, сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіледі.

Заңсыз құрылыстарды анықтау және тоқтату жұмыстары жалғасуда.

«Заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту – қазіргі күннің талабы. Қала инфрақұрылымына, көлік және әлеуметтік жүйеге жүктеме артып барады. Рұқсатсыз, бейберекет құрылыс тек қаланың дамуына емес, тұрғындардың қауіпсіздігіне де тікелей қауіп төндіреді. Әсіресе, таулы аймақтағы құрылысқа ерекше назар аудару қажет. Бұл аумақтар сейсмикалық тұрғыдан әлсіз әрі қауіпті аймақтар. Осындай жерлердегі заң бұзушылықтар өте ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Ең бастысы, барлық сүру жұмысы заң аясында сот шешімімен ғана жүзеге асырылып жатыр. Бұл баршаға ортақ ереже мен әділеттілік кепілі. Алматыда атқарылып жатқан бұл шаралар басқа қалалар үшін де үлгі бола алады», – деді урбанист және қоғам қайраткері Гүлмира Байғабұлова.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бизнеспен серіктестік нығайып келеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Саналы ұрпақ – сапалы болашақ кепілі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.