Әрбір лагерь, оның ішінде шатырлы лагерлер де маусым басталғанға дейін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Маусым 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Әрбір лагерь, оның ішінде шатырлы лагерлер де маусым басталғанға дейін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті

21.05.2025
0
Әрбір лагерь, оның ішінде шатырлы лагерлер де маусым басталғанға дейін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында мектеп медицинасын жаңғырту, мектептегі тамақтану сапасын арттыру және балалар лагерлеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы баяндады.

Медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында мектеп медицинасында мейіргерлердің рөлі күшейтілуде. Мәселен, мейіргерлердің жүктемесін азайту (бір мөлшерлеме 700 емес, 500 оқушыдан келетіндей) жоспарланып отыр, оқушы саны 1000-нан асатын ірі мектептерде стоматологиялық аурулардың профилактикасына арналған арнайы кабинеттер ашылады. Сонымен қатар, медициналық тексеру және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру тәртібі қайта қаралуда.

Денсаулық сақтау министрлігі Мектептегі тамақтану стандартын қайта қарады және ол биылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Халықаралық ұсынымдарға сәйкес әзірленген типтік мәзір балалар организмінің физикалық және ақыл-ой дамуына пайдалы болмақ.

Бұл стандарт елдегі барлық білім беру және мектепке дейінгі ұйымдарға қолданылады. Асханасы жоқ шағын жинақты мектептер үшін жеке шешімдер қабылданады. Жаңа ережеге сәйкес, қант мөлшері 3,6 есе, ал тұз 5 есеге дейін қысқартылады. Мектептегі тамақтануға қанағаттанушылық деңгейін бағалау үшін Желінбей қалатын тағам индексі енгізіледі.

Күтілетін нәтиже — инфекциялық емес аурулардың, атап айтқанда, балалар семіздігі 15%-ға, қант диабеті 20%-ға, артериялық гипертензия 18%-ға дейін, басқа созылмалы аурулар 15%-ға дейін төмендеуі мүмкін.

Биыл 191 мектеп, соның ішінде 54 мектеп асханасының санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігі тұрғысынан тексерілді. Тексеру барысында апатты жағдайдағы ғимараттар, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың болмауы, мектептердің шамадан тыс толтырылуы, санитариялық-техникалық жағдайдың нашарлығы және басқа да кемшіліктер анықталды. Нәтижесінде 150 нұсқама беріліп, 12 млн теңгеден астам айыппұл салынды, 31 адам жұмыстан шеттетіліп, 6 іс сотқа берілді.

Мектептегі тамақтану қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі білім беру нысандарындағы мемлекеттік бақылауды күшейтіп жатқанын айта кеткен жөн.

Түзетулер балалар болатын нысандарға ерекше мәртебе беру, тексеру туралы алдын ала хабарлау рәсімін алып тастау және нысандарды санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіру үшін мониторингтік сапарлар жүйесін енгізуді көздейді.

Жазғы демалыс кезінде балалар лагерлерінің санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

«Әрбір лагерь, оның ішінде шатырлы лагерлер де маусым басталғанға дейін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті. 2024 жылы лагерлердің 19%-ы (37 лагерь) дайындықты уақытында аяқтай алмады және балаларды қабылдауды бастай алмады. Жазғы кезеңде балалардың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әр маусымдық лагерге санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бекітілді, лагерь басшылығымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде қызу желі ұйымдастырылды», — деді А. Әлназарова.

Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарды ресми тіркелген лагерлерді таңдауға шақырады — олардың тізімі https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek?lang=ru сайтында қолжетімді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Саланы цифрландыру бағытындағы Президент тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын таныстырды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,4 трлн теңгеге жуық зейнетақы төленді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.