Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Финалдағы жарқын жеңістер

Бокстан 10-24 мамыр аралығында Коломбода (Шри-Ланка) өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша жарыс мәресіне жетті. Бүгін жастар арасындағы (2007-2008 жылы дүниеге келген) 25 салмақ бойынша (13 ұл және 12 қыз) жеңімпаздардың есімі белгілі болды. Ұлдардың арасынан 11 боксшымыз финалда жұдырықтасып, 10 алтын медаль алды. 86 келідегі Нұрсұлтан Қыстаубай қола жүлдегер атанса, 71 келіде жүлде бұйырмады.

Азия чемпионатының жүлдегерлері:
1-орын. Нұрхан Құмарбеков (48 келі)
1-орын. Досымжан Таңатар (51 келі)
1-орын. Алдияр Бахадүр (54 келі)
1-орын. Нығман Нығмет (57 келі)
1-орын. Әділет Тортубек (60 келі)
1-орын. Мұхит Нұрқабылұлы (63.5 келі)
1-орын. Сұлтан Тұрдалы (67 келі)
1-орын. Игорь Соловьёв (80 келі)
1-орын. Расул Асанханов (92 келі)
1-орын. Бексұлтан Қайратұлы (+92 келі)
2-орын. Жасұлан Бердалы (75 келі)
3-орын. Нұрсұлтан Қыстаубай (86 келі)

Айта кетейік, санаулы сәттер бұрын ғана қыздарымыз барлық 12 салмақта топ жарған болатын.

Алтын саны бойынша жалпы көрсеткіш:
Қазақстан – 22 алтын
Тәжікстан – 2 алтын
Қырғызстан – 1 алтын

Салыстырмалы түрде 2024 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында жастарымыз 11 алтын (қыздар – 6, ұлдар – 5 ) еншілеген еді.

Ұқсас жаңалықтар

Қарқаралы ұлттық паркі инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ұсынды

admin_altyalash

ШЫҰ саммиті аяқталып, террористік қауіптің «сары» деңгейі алынды – жедел штаб

admin_altyalash

Шәкірттеріміз білім додаларында бақ сынып, жүлдегер атанып республика мерейін асқақтатуда.

admin_altyalash