Бүгінде барлық әлемдік астаналарда жүгіру дәстүрге айналған – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Маусым 3, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бүгінде барлық әлемдік астаналарда жүгіру дәстүрге айналған

27.05.2025
0
Бүгінде барлық әлемдік астаналарда жүгіру дәстүрге айналған

1 маусым күні Астанада төртінші Astana Half Marathon өтеді. «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастыратын астаналық ең ауқымды жарыс жаңартылған бағытпен 8 000 қатысушыны жинайды. Іс-шараға барлық қала тұрғындары қатыса алады — жүгіруші, жанкүйер немесе сөрелік қалашық бағдарламасының көрермені ретінде.

Биыл ұйымдастырушылар жарытлай марафонның жарыс жолын жаңартты: қатысушылар Астананың көрнекті орындарының жанынан жүгіріп өтеді – Тәуелсіздік алаңынан бастап «Арқар» және «Сығанақ – Мәңгілік Ел» көпірлері арқылы, «Ақорда» мен Есіл өзенінің жағалауына, одан әрі «Бәйтерек», Abu Dhabi Plaza және EXPO кешендерінің қасынан өтеді.

Жарыс дәстүрлі түрде 4 қашықтықты ұсынады: 21,1 км (жарытлай марафон), 10 км, 10 км (скандинавиялық жүріс) және командалық Экиден эстафетасы.

Ұйымдастырушылар кәсіби спортшылар мен әр жастағы әуесқой жүгірушілерді қатысуға шақырады.

«Төрт жыл бұрын «Бірінші болу – батылдық» қоры Astana Half Marathon жарысын елордада жүгіру мәдениетін насихаттау мақсатында ұйымдастырған болатын. Бүгінде барлық әлемдік астаналарда жүгіру дәстүрге айналған. Біздің Астанада биіктік айырмашылығы аз, жазғы ауа райы қолайлы, басқа қалалармен байланыс жақсы жолға қойылған – мұның бәрі жүгіру жарыстарын дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Өткен жылы бізге 45 елден 6 000 қатысушы қосылды. Биыл бұдан да көп спортшыны шақырып, халықты жүгіруге тарту жұмысын жалғастырамыз», — деді «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.

Белгіленген уақыт ішінде қашықтықты сәтті аяқтаған барлық қатысушыға медаль табысталады.

Айта кету керек, бұл жарыс Халықаралық марафондар және ұзақ қашықтыққа жүгірулер қауымдастығына (AIMS) кіреді, бұл ұйымдастыру сапасының жоғары деңгейде екенін және халықаралық стандарттарға сай келетінін білдіреді. жарытлай марафон трассасы World Athletics талаптарына сай сертификатталған. Іс-шараның ұйымдастырушысы – 2012 жылдан бері Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуға белсенді атсалысып келе жатқан «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры. Қор жыл сайын 10-нан астам спорттық іс-шара өткізеді.

Astana Half Marathon Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

 

 

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Кәмелетке толмаған баладан ақша бопсалағандары үшін сотталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алаяқтық және жалған ақпарат тарату: Аида Балаева Meta өкілдерімен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.