Премьер-министр Қазақстан-Италия бизнес-форумында сөз сөйледі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 2, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Премьер-министр Қазақстан-Италия бизнес-форумында сөз сөйледі

28.05.2025
0
Премьер-министр Қазақстан-Италия бизнес-форумында сөз сөйледі

Премьер-министр Олжас Бектенов сауда және логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөніндегі Қазақстан-Италия бизнес-форумында сөз сөйледі.

Премьер-министр өзінің алғы сөзінде бизнес-форумның Қазақстан мен Италия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтудегі маңызды рөлін атап өтті. Екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік Қазақстан-Италия мемлекеттері басшыларының күш-жігері арқасында қарқынды дамып келеді. Энергетика, машина жасау, химия өнеркәсібі, фармацевтика, АӨК және басқа да салаларда табысты ынтымақтастық орнады.

Өткен жылы екіжақты сауда көлемі 25%-ға артып, $20 млрд-қа жуықтады, оның ішінде отандық тауарлар экспорты $18 млрд-тан асты. Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша тауар айналымы $4,4 млрд-ты құрады. Сондай-ақ Италия Еуропалық Одақ елдері арасында Қазақстанның ең ірі инвесторларының бестігіне кіреді. Небәрі 20 жыл ішінде Қазақстан экономикасына мұнай-газ саласы, «жасыл» энергетика, машина жасау және АӨК саласындағы жобаларды жүзеге асыруға $7,6 млрд италиялық инвестициялар салынды.

Қазақстан жаһандық нарықтағы өз позициясын нығайту үшін көліктік-логистика инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салуда. Осыған байланысты жеткізілім тізбегінің тұрақтылығы мен әртараптандырылуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан-Италия ынтымақтастығының әлеуеті атап өтілді. Қосылған құны жоғары технологиялық өндірістер құруға баса назар аудара отырып, еліміздің экономикасын трансформациялауға ерекше көңіл бөлінді. Премьер-министр Үкімет италиялық инвесторларға бірлескен жобаларды жүзеге асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін баса айтты.

«Қазақстан Үкіметі еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Біздің заңнамада инвесторлар үшін салықтық және кедендік жеңілдіктерді, заттай гранттар мен инфрақұрылымды дамытуды қолдауды қоса алғанда, ынталандырулар қарастырылған. Сонымен қатар біз ұзақмерзімді серіктестікті қамтамасыз ету үшін инвесторлардың пікірлері негізінде қолдау шараларын үнемі жетілдіруге тырысамыз. Италиялық бизнестің Қазақстандағы қатысуын кеңейтуге және экономиканың басым секторларындағы бірлескен жобаларға белсенді қатысуға шақырамыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Форумға Италия тарапынан қаржы комиссиясының төрағасы депутат Марко Оснато, «Италияда жасалған» кәсіпорындар және өнімдер істері жөніндегі вице-министрі Валентино Валентини, Италияның Еуропалық Одақ саясаты жөніндегі комиссия төрағасы, сенатор Джулио Терци ди Сант’Агата, Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антонелло Де Риу және тағы басқа да өкілдер сөз сөйледі.

Бизнес-форум қорытындысы бойынша экономиканың түрлі салаларындағы кооперация туралы бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алаяқтық және жалған ақпарат тарату: Аида Балаева Meta өкілдерімен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бүгінгі мектеп оқушысы қазірдің өзінде идеясы мен мақсаты бар адам

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.