Абай облысында биылғы жазда 5000-ға жуық бала лагерьлерде демалады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Маусым 3, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Абай облысында биылғы жазда 5000-ға жуық бала лагерьлерде демалады

29.05.2025
0
Абай облысында биылғы жазда 5000-ға жуық бала лагерьлерде демалады

Абай облысында балалардың жазғы демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бағытындағы кешенді жұмыс жүйелі түрде жүзеге асырылуда. 2025 жылғы жазғы маусымда облыс бойынша 79 480 оқушыны түрлі форматтағы демалыспен қамту жоспарланған. Балалар шығармашылық, зияткерлік, спорттық және патриоттық бағыттағы іс-шараларға тартылады.

Өңірде 267 мектеп жанындағы және бейінді лагерь жұмыс істейді. Ал қала сыртындағы 9 стационарлық сауықтыру лагері маусым айының ортасына қарай кезең-кезеңімен жұмысын бастайды. Оның ішінде 8-і мемлекеттік, 1-і жекеменшік. Жалпы 5172 бала қала сыртындағы лагерьлерде тынығады. Олардың 4713-і – әлеуметтік осал санаттағы балалар. Бұл санаттағы балалар «Жалпыға бірдей білім беру» қоры есебінен тегін жолдамамен қамтамасыз етіледі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, лагерьлердің қазіргі дайындығы – 75%. Нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік шаралары пысықталуда. Барлық лагерь бейнебақылау жүйелерімен қамтылып, санитарлық талаптар қатаң сақталады. Шомылуға рұқсат етілген 5 лагерьде балалар педагогтердің қадағалауымен суға түсе алады.

Сонымен қатар өңірдің үздік оқушыларына арналған бірнеше арнайы жоба жүзеге асырылмақ: «Абай жолы» әдеби-өлкетану жобасы; университеттермен бірлескен «JAS AKADEMIK-2025» жазғы академиялық мектебі; колледж базасындағы кәсіби бағдарлау лагерьлері; туризм мен патриоттық тәрбиеге негізделген көшпелі «Жазғы кемпинг» бағдарламасы.

Мұнымен қатар 33 аймақтық жоба аясында да балалардың жазғы уақыты мазмұнды әрі қауіпсіз ұйымдастырылады. Биыл Абай облысынан 128 оқушы республикалық «Бөбек» және «Балдаурен» лагерьлеріне жолдама алса, ауыл мектептерінен үздік оқитын 250 бала Алакөл жағасындағы «Дарабоз» лагерінде демалады. Бұл жобаға «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қолдау көрсетіп отыр.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жамбыл облысында креативті хаб ашылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бұл — Қазақстан мен Франция арасындағы білім беру саласындағы тереңдетілген ынтымақтастықтың символы

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.