Әлеуметтік нысандардың дайындығына ерекше назар аудару қажет – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Маусым 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әлеуметтік нысандардың дайындығына ерекше назар аудару қажет

29.05.2025
0
Әлеуметтік нысандардың дайындығына ерекше назар аудару қажет

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды алдағы жылыту маусымына дайындық жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Жиын барысында қала басқармалары, коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдардың басшылары атқарылған жұмыстар мен инженерлік инфрақұрылым нысандарын жаңғырту және салу жөнінде есеп берді.

Биыл 39 шақырым жылу желілерін, 238 шақырым электр желілерін, 260 шақырым су құбырын және 34,7 шақырым газ желісін қайта жаңарту жоспарланған. Сонымен қатар, 2025 жылы 347 шақырым су және кәріз желілерін салу және жаңғырту, сондай-ақ, 69 қазандықты жөндеу және 16 қазандықты жаңғырту жоспарланған. Бұл жұмыстар аясында 12 қазан, 47 механизм, 11 сыйымдылық және газ жабдықтары ауыстырылады.

Кеңесте инженерлік желілердің қазіргі жағдайына қатысты деректер ұсынылды: тозу деңгейі – жылу желілерінде 56,1%, электрмен жабдықтауда 64,5%, сумен жабдықтауда 51,73%, газда 36%. Қала әкімі инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

«Мен күн сайын жылыту маусымына дайындық барысы туралы мәлімет алып отырамын. Егер қандай да бір кешеуілдеу болса, дереу шара қолданамыз. Магистралдық желілер мен энергетикалық жобаларды жаңғырту бойынша келісімшарттар жасалған, қаржыландыру қамтамасыз етілген, жұмыс жүргізіліп жатыр. Бақылауды босаңсытуға болмайды, әсіресе, тұрғын сектор мен әлеуметтік нысандардың дайындығына ерекше назар аудару қажет», – деді Дархан Сатыбалды.

Кеңестен кейін Дархан Сатыбалды қаланың бірқатар маңызды инфрақұрылымдық нысанын аралады. Қаланың негізгі энергия көздерінің бірі – ЖЭО-2-де ол энергетикалық және қосалқы жабдықтарға жүргізіліп жатқан ауқымды жөндеу жұмыстарымен танысты. Жаңғырту жобасы экологиялық және энергетикалық тұрақтылықты арттыруға бағытталған. Электр қуатын 557 МВт-қа, жылу қуатын 952 Гкал/сағ дейін арттырып, зиянды заттар шығарындыларын 93%-ға, ал көміртек ізі 38%-ға төмендету көзделуде.

«ЖЭО-2-ні жаңғырту – ең маңызды міндеттердің бірі. Бұл қаланың экологиялық тұрақтылығы мен жайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ететін стратегиялық жоба. Экологиялық көрсеткіштерді жақсарту Алматының дамуына қосылған маңызды үлес», – деді Дархан Сатыбалды.

Қала әкіміне қада қағу жұмыстарының 47%-ы орындалғаны, іргетас құю мен құрылымдарды орнату жұмыстары жалғасып жатқаны, негізгі жабдық жеткізіліп жатқандығы туралы баяндалды. Сонымен қатар, қысқы маусымға дайындық аясында жөндеу жұмыстары жүргізілуде: 56-сын жөндеу жоспарда болса, соның 36%-ы біткен.

Қала әкімі «Орбита» аудандық қазандығын да барып көрді. Бұл қазандық оңтүстік аудандарды – Орбита 1-4, Алмагүл шағын аудандарын және Асқаров көшесін жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Мұнда көлемі 2000 м³ үш аккумуляторлық бак орнатылуда. Екі бак пайдалануға берілді, үшіншісі орнатылып жатыр. Жоба ең жоғары тұтыну кезінде де жылу жүктемесін теңестіруге және жылумен қамтудың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Бостандық ауданында қала әкімі 1972 жылы пайдалануға берілген «Оңтүстік» қазандығын кеңейту жұмыстарының барысымен танысты. Қуаты 190 Гкал/сағ бұл қазандық 356 көпқабатты тұрғын үй мен 39 әлеуметтік нысанды жылумен қамтиды. Қуатын 290 Гкал/сағ дейін арттыру жобасы арқылы қаланың оңтүстік бөлігіндегі қосымша 100 мыңға жуық тұрғынды орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету көзделген.

Жобада жаңа қазандық цехының құрылысы, заманауи суқыздырғыш қазандықтар мен қосалқы жабдықтарды – резервуарлар, тазарту құрылғылары және өрт сөндіру жүйесін орнату қарастырылған. Қала әкімі жобаның мерзімінде орындалуын қамтамасыз етіп, жылыту маусымы басталғанға дейін барлық дайындық жұмысты аяқтауды тапсырды.

Бұқар Жырау – Масанчи – Ғабдуллин – Байтұрсынов – Сәтбаев көшелері аумағында 1983 жылы пайдалануға берілген жылу трассасы қайта жаңғыртылып жатыр. Бұл желі 220-дан астам нысанды – тұрғын үйлерді, мектептер мен медицина мекемелерін жылумен қамтамасыз етеді. Биыл 1,5 шақырым құбыр ауыстыру жоспарланған. Қала әкіміне бұл жұмыстардың екі жылға жоспарланғаны және 2026 жылға өтетіні хабарланды. Жаңғырту кезінде ыстық су беру тоқтатылмайды.

Жұмыс сапары қорытындысы бойынша Дархан Сатыбалды жылыту маусымы басталғанға дейін барлық негізгі жұмысты аяқтауды, әсіресе мектеп, балабақша мен аурухана сынды әлеуметтік нысандарға ерекше назар аударуды тапсырды. Қысқы маусымға дайындықтың соңғы мерзімі – 31 тамыз. Дархан Сатыбалды жобалардың сапасы мен мерзімінің орындалуына тұрақты бақылау болатынын және инфрақұрылымды жаңғырту шаралары әкімдік қызметінің басым бағыты болып қала беретінін атап өтті.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бұл — Қазақстан мен Франция арасындағы білім беру саласындағы тереңдетілген ынтымақтастықтың символы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының Пленарлық сессиясында сөз сөйледі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.