Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБілімЖаңалықтар

Самирдің жетістігі – ұстаздардың кәсіби еңбегі мен отбасының қолдауына негізделген үлкен жеңіс

Көкшетау қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің биылғы түлегі Самир Қасымов білім мен табандылықтың жарқын үлгісін көрсетті. Жас дарын иесі бір мезетте 24 шетелдік университеттен шақырту алып, халықаралық деңгейде жетістікке қол жеткізді.

Самирдің қажырлы еңбегі мен терең білімі АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Түркия, Аустралия, Қытай және Біріккен Араб Әмірліктері секілді алпауыт елдердің жетекші университеттерін тәнті етті. Бұл – тек Самирдің ғана емес, барша қазақ жастарының білімге деген құлшынысының, ел болашағына деген сенімінің белгісі.

Жас жеткіншектің бұл жетістігі – ұстаздардың кәсіби еңбегі мен отбасының қолдауына негізделген үлкен жеңіс. Самир – ел намысын биіктетіп, Қазақстанның дарынды жастарының әлеуетін әлемге паш ететін тұлға болады деп сенеміз.

Ұқсас жаңалықтар

Ғылым – экономиканың қозғаушы күші – Әділхан Байбатша

admin_altyalash

ЕЛОРДАДА АКТЕРЛЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН II РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТЕАТР БАРЫСЫ» ТУРНИРІ ӨТЕДІ

admin_altyalash

Пәтерақы төлемейтіндерге «сыйлық» жоқ: сарапшы Конституциядағы меншік құқығын түсіндірді

admin_altyalash