Елорданы абаттандыру жұмысы жалғасып жатыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Маусым 4, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елорданы абаттандыру жұмысы жалғасып жатыр

30.05.2025
0
Елорданы абаттандыру жұмысы жалғасып жатыр

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында абаттандырылатын аумақтар жайлы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елордамызды абаттандыру жұмысын жалғастырып жатырмыз. Қалада тұрғындар мен қонақтардың бос уақытын өткізуіне арналған орындар саны артып келеді. Биыл шамамен 180 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылады. Абаттандыру барысында көгалдандыру жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Қаланы аралау барысында бірқатар нысанға бардым.

Мәселен, Байқоңыр ауданындағы «Тұлпар» сауда орталығының алдында ескі үйлер мен сауда нысандарын бұзу жұмысы жүріп жатыр. Көп жылдан бері бұл аумақ стихиялы саудаға байланысты проблемалы учаскелердің бірі болып келген. Биылдың өзінде бұл аумақ қайта жаңарып, орнына жаңа қоғамдық кеңістік ашылады. Тұрғындар үшін жаяу жүргіншілер аймағы, демалыс орындары ашылып, көгалдандыру және жарықтандыру жұмысы жүргізіледі. Аталған жұмысты кезең-кезеңімен жүзеге асырып, осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Тағы бір қоғамдық кеңістік Жұбанов көшесінде (Тархан көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі аралықта) ашылады.

Гүлзардың жалпы ауданы 4,5 мың шаршы метрді құрайды. Абаттандыру аясында ауқымды көгалдандыру жұмысы жүргізіледі: көпжылдық бұталар мен ірі көшеттер отырғызылады.

Абай даңғылының Республика даңғылынан бастап Уәлиханов көшесіне дейінгі аралығы екі жағынан толық абаттандырылады. Абаттандырылатын аумақтың жалпы көлемі 1,1 гектарды құрайды. Жоба аясында көше жиһаздары орнатылып, жарықтандыру жұмысы және т.б. жүргізіледі.

Сарайшық шағын ауданында (Жүргенов гүлзары) еңбек пен жұмысшы мамандықтардың маңызына арналған арнайы тақырыптағы гүлзар жобасын іске асыру басталды. Жоба аясында көшеге арналған жиһаздар орнатылады, көгалдандыру жұмысы жүргізіледі және басқа да абаттандыру шаралары іске асырылады. Гүлзар тек тұрғындардың демалыс орны ғана емес, сонымен қатар қоғам тарапынан еңбекке деген құрметті арттыруға бағытталған қалалық ортаның маңызды элементіне айналмақ.

Тәшенев көшесінің бойында көгалды орын ашылды. Мұнда 500-ден астам ағаш отырғызылды. Аумағы толықтай автоматты суару жүйесімен жабдықталған.

Абаттандыру және көгалдандыру жұмысы қаланың барлық ауданында жүріп жатыр. Биыл да өткен жылдардағыдай бір миллионнан астам жасыл желек (бұталар, ағаштар, көшеттер) отырғызу жоспарланып отыр», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Qazemle IT – бұл жай бағдарлама емес, тұрмыста және кәсіби салада сапалы қазақ тілін сақтауға және дамытуға бағытталған әлеуметтік-мәдени жоба

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Астанада халықаралық форум өтіп жатыр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.