БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ: АТТРАКЦИОНДАР ПАРКІНІҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Маусым 3, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ: АТТРАКЦИОНДАР ПАРКІНІҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

01.06.2025
0
БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ: АТТРАКЦИОНДАР ПАРКІНІҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

Бүгін 1- маусым балаларды қорғау күні қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдени-демалыс паркінің ашылу рәсімі өтті. Оған Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, академик, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Жұмаділдаев арнайы қатысты.

Рәсімде Премьер-министрдің орынбасары Ермек Беделбайұлы алғы сөз сөйледі.
Аймақ басшысы жиналған қауымды Балалар күнімен және мәдени-демалыс паркінің қайта жаңғыртудан кейінгі ашылуымен құттықтады.

“Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ұл-қыздарымыздың парасатты, жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтарымыздың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау – мемлекетіміздің басты міндеті», – деген болатын. Бүгін – аймағымыз үшін айтулы күн. Мерекеге орай қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдени-демалыс паркі, физика-математика мектеп-интернаты, музыкалық колледждің жаңа ғимараты, облыстық тарихи-өлкетану музейі ашылуда. Бұл ұлтымыздың «Қазақ» атауының қайтарылғанының, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанының 100 жылдық мерейтойына үлкен тарту болды.
Жаңа, әсем, заманауи парктің құрылысын сапалы жүргізіп, мерзімінде пайдалануға берген елімізге белгілі «BI GLOBAL» компаниясының ұжымына Сыр жұртшылығының, өзімнің атымнан шынайы алғысымды білдіремін. Егемен елімізді дамыту жолындағы абыройлы істеріміз, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өрелі жұмыстарымыз табысты болсын!
Балаларымыз аман, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!
Мереке құтты болсын!”,- деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Жиында Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетұлы құттықтау сөз сөйледі. Жобаны сапалы әрі уақытылы салып бітірген мердігер мекеме «BI GLOBAL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, Президентіміздің бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында облысымызда кең ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қала, аудан және ауылдардағы парктер, скверлер, аллеялар мен көпқабатты үйлердің аулалары жаңартылып, көркейтілуде.

Өңірдің сәулеттік келбеті жаңарып келеді. Кәсіпкер, меценат Асқар Әубәкіровтың демеушілігімен Қызылорда қаласының Орталық алаңы толық қайта жаңғыртылды.
Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен Жаңақорған ауданында 790 млн теңгеге заманауи демалыс паркі, Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылында 450 млн теңгеге «Еңбекшілер паркі» пайдалануға берілді. Мұндай демалыс орны жақында Қазалы ауданында да ашылып, тұрғындар игілігіне ұсынылды.
Қазіргі таңда Президент саябағын, Батырхан Шөкенов атындағы парк пен Қорқыт ата мемориалды аллеясын жаңғырту жұмыстары қарқын алған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Абай даңғылының ұзарған бөлігінде қозғалыс ашылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚАЗАНҒАП АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МУЗЫКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.