Жазғы маусымдық әуе рейсінің ашылуы өңірге туристер тартуға мүмкіндік береді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жазғы маусымдық әуе рейсінің ашылуы өңірге туристер тартуға мүмкіндік береді

03.06.2025
0
Жазғы маусымдық әуе рейсінің ашылуы өңірге туристер тартуға мүмкіндік береді

Семейден еліміздің ірі қалаларына қатынайтын әуе рейстерінің саны артып келеді. Жазғы туристік маусымға орай 2 маусымнан «Шымкент-Семей-Шымкент» бағытында сыйымдылығы 180 орындық «Airbus А320» ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастады. Рейсті «Fly Arystan» әуе компаниясы жүзеге асырады. Жолаушылар аптасына 2 рет, дүйсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын болады. Шымкенттен Семейге ұшу уақыты – кешкі сағат 17:00-де, Семейден Шымкентте ұшу – кешкі сағат 19:00-де.

Жазғы маусымдық әуе рейсінің ашылуы өңірге туристер тартуға мүмкіндік береді. Жолаушылар енді облыстағы республикалық киелі орындар тізіміне енген Қоңыр Әулие үңгірі, «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығы, Ырғызбай әулие кесенесі, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Еңлік-Кебек» ескерткіштері, Алакөл мен Шошқалы секілді тарихи және табиғи орындарды тамашалау мүмкіндігіне ие болады.

«Шымкент-Семей-Шымкент» бағытындағы рейстің ашылғанын тұрғындар қуанышпен қабылдады.

«Бұл рейс халыққа өте ыңғайлы. Пойызбен бірнеше тәулік жүрудің қажеті жоқ. Айналасы бір жарым сағатта Семейге жетіп аламыз. Жаз мезгілінде демалуға келсең де өте қолайлы», – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Нұрлан Әділханов.

Қазіргі уақытта Семей қаласынан «Семей – Алматы», «Семей – Астана», «Семей – Үржар», «Семей – Шымкент» бағыттары бойынша әуе рейстері орындалуда. Аталған рейстерді «FlyArystan» және «Южное небо» әуе компаниялары жүзеге асырып келеді.

Айта кетейік, 1 маусымда Үржар ауданының Үржар ауылындағы әуежайға алғаш рет «SCAT» әуе компаниясының «CRJ-200» жолаушылар ұшағы қонды. «Үржар-Алматы» және «Үржар-Астана» бағыттары бойынша тұрақты әуе рейстері аптасына 7 рет, яғни күн сайын орындалатын болады.

«Абай облысы әкімдігінің қолдауымен «Қарағанды-Семей» бағытында субсидияланатын жаңа әуе рейсін ашу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен келіссөз жүргізілуде» дейді Семей халықаралық әуежайының директоры Ғазизбек Саматов.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Медиа жұмысындағы басты форматтардың бірі – тарих туралы видео оқулық

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Республикалық комиссияның жұмысын жетілдіру – ашықтық, технологиялық жаңашылдық, мәдени сабақтастық пен қоғамдық қатысу қағидаттарына негізделуі қажет

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.