Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

«Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің концерті өтті

Астанадағы амфитеатрда «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің концерті өтті. Өнер ұжымы дәстүрлі күй мен халық әндерін заманауи авторлық өңдеуде орындап, ұлттық мұраны жаңаша үлгіде паш етті.

Концерттік бағдарламада жаңа туындылар мен эксклюзивті музыкалық композициялар ұсынылып, ансамбль әртістерінің шеберлігін айқын көрсететін бірегей музыкалық әуендер орындалды.

Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айзат Қарабек, Ерболат Шалдыбеков, халықаралық конкурстардың лауреаты Жанту Дадабаев қатысты.

Бұл іс-шара «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы ұйымдастырған «Grand Fest» музыкалық фестивалі аясында концерттік бағдарламалар сериясының бір бөлігі болды.

Ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасы, жанды музыка және жанрлық ерекшелік – барлығы да түрлі буын өкілдерін өнер айналасына топтастыратын жылы әрі шабыт сыйлайтын атмосфераны қалыптастырды.

Ұқсас жаңалықтар

Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

admin_altyalash

Түркістанда этносаралық қатынастарды нығайту бойынша семинар өтті

admin_altyalash

Алматыда ҚКО-да жүргізілген алғашқы жүрек трансплантациясынан кейін науқас шығарылды

admin_altyalash