Туризм индустриясы экономикалық өсімнің маңызды драйвері – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Тамыз 2, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Туризм индустриясы экономикалық өсімнің маңызды драйвері

10.06.2025
0
Туризм индустриясы экономикалық өсімнің маңызды драйвері

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елімізде туристердің жайлы және қауіпсіз болуын қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысы барысында Қазақстанның туристік саласы жыл сайын дамып, өз әлеуетін арттырып келе жатқанын баяндады. Мәселен, 2024 жылы ішкі туристер саны 10,5 млн адамды, шетелдік келушілер – 15,3 млн-ды құраған. Бүгінде 87 ел үшін визасыз режим қарастырылған, 107 шет мемлекеттің азаматтары визаны электронды түрде рәсімдеуге мүмкіндігі бар.

Өз кезегінде ҚР ішкі істер министрі Ержан Сәденов ведомство тарапынан туристер үшін қолайлы жағдай жасау бойынша барлық қажетті жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Атап айтқанда, олардың біздің елге кіру және болу рәсімдері жеңілдетілген. Бүгінгі таңда шетелдіктер тіркелу үшін полицияға барудан босатылды, қабылдаушы тарап бұл рәсімдеуді онлайн жүзеге асыра алады. Шетелдік қонақтар үшін қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде қажетті және пайдалы ақпаратты қамтитын арнайы мобильді сайт құрылды.

Өңірлерде туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шет тілдерін меңгерген туристік полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Туристік орындарда бейнебақылау жүйесі орнатылған, жеке тасымалдаумен айналысатын адамдармен профилактикалық жұмыс жүргізіледі, транзиттік көлік жүргізушілеріне көмек көрсетіледі.

«Мемлекет басшысы туризм индустриясы экономикалық өсімнің маңызды драйвері екенін бірнеше рет атап өтті. Біз Қазақстанның шетелдік туристерге достық пейілі бар, емін-еркін демалуға қолайлы ел ретінде тартымдылығын арттыру үшін қажетті жағдай жасауымыз керек. Бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылуда. Халықаралық әуе қатынастарының, теміржол және автокөлік бағыттарының географиясы кеңейтілуде. Шетелдік азаматтар үшін көші-қон рәсімдерін жеңілдету қолға алынды. Келген қонақтардың емін-еркін әрі қауіпсіз демалысына ерекше көңіл бөлініп отыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр Алматы, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында көршілес елдерден келген туристерді қабылдау жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Бұл тәжірибені кеңінен тарату қажет.

«Туристік өнімдерді нақты туристік топтардың, әсіресе, шекаралас өңірлердегі туристерге бейімдеген жөн. Мұның шағын және орта бизнестің қызметіне ғана емес, сондай-ақ бағдарламалық-цифрлық өнімдерге де қатысы бар. Туристік локацияларда сапалы ұялы байланыс пен интернет болуға тиіс. Қонақ үйлер мен туристер жиі баратын басқа да орындарда қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздік деңгейіне, сондай-ақ баға саясатының қолайлы болуына назар аудару керек. Туристер үшін келген сәттен бастап, бүкіл сапар маршруты бойынша және елден кеткенге дейін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр бірқатар тапсырмалар берді.

Атап айтқанда, туризм және спорт министрлігі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, ұлттық туристік порталдың, eQonaq көші-қон сервисінің, такси қызметтерінің және туристерге арналған басқа да пайдалы ресурстардың функционалын кеңейту жұмысын жүргізуді тапсырды.

Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау министрліктеріне туристердің қауіпсіздік шараларын күшейтіп, шетел азаматтары үшін көптілді жедел желіні енгізу мәселесін пысықтауы қажет. Барлық туристік локациялар көптілді ақпаратпен қамтылу мәселесін пысықтау тапсырылды.

Туризм министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, бір ай мерзімде шетелдік туристердің Қазақстанда жайлы әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жеңіл рельсті көліктің алғашқы жылжымалы құрамы жеткізілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Шортанды ауданы инвестициялық белсенділіктің тұрақты өсімін көрсетіп келеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.