Астанада журналистерге арналған байқау жарияланды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Маусым 17, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанада журналистерге арналған байқау жарияланды

12.06.2025
0
Астанада журналистерге арналған байқау жарияланды

Астанада БАҚ қызметкерлерінің күніне орай бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде елорданың дамуы туралы үздік жарияланымдар, репортаждар, сюжеттер байқауы жарияланды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Байқауға Қазақстанның барлық кез келген журналисі қатыса алады. Конкурсты Астана қаласының Коммуникациялар қызметі Ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырады.

Байқауға 2025 жылғы 1 қаңтар мен 2025 жылғы 16 маусым аралығында мемлекеттік немесе орыс тілінде жарияланған, эфирге шыққан материалдар қабылданады. Қатысушы тек бір номинация бойынша бір ғана материал ұсына алады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1. «Үздік журналист-сарапшы» – Ассамблеяның 30 жылдығы аясында елордадағы Қазақстан халқы ассамблеясының қызметі туралы баспа басылымдарда жарияланған аналитикалық материалдар;
2. «Үздік шолушы» – интернет-басылымдарда жарияланған, Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын материалдар, сондай-ақ заңдылық, қоғамдық тәртіп, вандализм, нашақорлық, құмар ойынға тәуелділік және елордадағы өзге де әлеуметтік түйткілдерге қатысты мәселелерді қамтитын жарияланымдар қарастырылады;
3. «Үздік радиорепортаж» – Астана туралы радиосюжеттер;
4. «Үздік телесюжет» – бұл аталым қаланың тыныс-тіршілігіне арналған материалдарды қамтиды. Атап айтқанда, урбанистика мәселелері, қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ вандализм, нашақорлық, құмар ойынға тәуелділік және қалалық ортадағы өзге де келеңсіз көріністердің алдын алу мен оларды болдырмау тақырыптары қозғалған телесюжеттер қарастырылады.
5. «Үздік мобилограф» – мегаполис өмірінен аэротүсірілім қолданылған бейнероликтер;
6. «Үздік фоторепортаж» – Астанадағы «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасының жүзеге асырылуын бейнелейтін фотосуреттер;
7. «Жұмысшы мамандықтар жылы» арнайы номинациясы – әлеуметтік желілерде жарияланған үздік материалдар.

Facebook, Instagram және TikTok желілеріндегі танымал топтар мен пабликтер қатысу үшін өтінім бере алады.

Номинациялар бойынша жеңімпаздарды белгілі журналистер, медиа сарапшылар және саланың беделді өкілдерінен құралған конкурстық комиссия анықтайды.

Ең үздік жұмыстар ақшалай сертификаттармен марапатталады. Бірінші орын иегеріне – 1 000 000 теңге, екінші орынға – 700 000 теңге, үшінші орынға – 500 000 теңге көлемінде жүлде тағайындалады.

Өтінімдер 2025 жылғы 16 маусымға дейін қабылданады.

Электронды пошта: baq.baikauy@gmail.com; Ұйымдастыру комитетінің байланыс нөмірі: 8 778 603 90 94.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Үкімет жобаның сәтті жүзеге асуы үшін қажетті көмек көрсетеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ұлт саулығы – еліміз үшін аса маңызды құндылық

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.