Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыҒылым-БілімЖаңалықтарЭкономика

Бұл – болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына берілген нақты қолдау

Қазақстандағы білім беру инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Батыс Қазақстан облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Бәйтерек ауданында екі жаңа мектептің құрылысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Достық ауылында 1200 орындық ірі білім ордасының құрылысы қолға алынған. Бұл мектеп заманауи пәндік кабинеттермен жабдықталып, оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдайды қамтамасыз етеді.

Ал Байқоныс ауылында 300 орындық мектеп салынып жатыр. Бұл оқу орны ескі, апатты жағдайдағы мектептің орнын басып, жергілікті оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы оқу орнын ұсынады.

Құрылыс барысымен арнайы танысқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Мендіғалиев пен облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин жобалардың сапалы әрі мерзімінде аяқталуын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Орал қаласының Жәңгір хан көшесінде 600 орындық тағы бір жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба үш ауысымды білім беру мәселесін шешуге бағытталған және қаланың білім саласына жаңа серпін бермек.

Жалпы алғанда, аталмыш жобалар іске қосылған кезде аймақтағы білім беру инфрақұрылымының сапасы едәуір жақсарып, оқушылар үшін заманауи, қауіпсіз және жайлы орта қалыптасады. Бұл – болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына берілген нақты қолдау.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

admin_altyalash

Taza Astana: Астанада жыл басынан бері 215 заңсыз полигон жойылды

admin_altyalash