Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Алматы әкімі кәріз желілерінің құрылысы барысымен танысты

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Алмалы ауданындағы Туркебаев көшесінде Кіші Абай көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейінгі аралықта жүргізіліп жатқан кәріз желілерінің құрылысы барысымен танысты.

Жобаға аудан әкімдігі тапсырыс берген. 15 шақырым инженерлік желілер тартылып, шамамен 1 700 абонент, яғни 6 800-ден аса тұрғын кәріз жүйесіне қосылмақ. 2024 жылы бұл жұмыс ішінара аяқталып, алты көшеде 5 шақырымға жуық желі тартылды. 2025 жылы ұзындығы 10 шақырым болатын 15 көшеде құрылыс жоспарланған. Қазір сол көшелердің 10-ында жұмыс басталып кетті.

Қала басшысы мердігер ұйымға барлық жұмысты 1 қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды.

«Сіздерден сапа мен мерзімді талап етеміз. Кепілдік мерзімі – 5 жыл. Егер қандай да бір апат болса, сіздер қалпына келтіресіздер», – деді Дархан Сатыбалды.

Жобаның негізгі мақсаты тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту және ауданның инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту.

Сонымен қатар жұмыс сапары аясында Алматы әкімі күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан №3 қалалық емхана ғимаратына барды. Бүгінде ішкі инженерлік жүйелер, линеарлы панельдерден қапталған қасбетті орнату, бөлмеаралық қабырға жасау, ішкі әрлеу, кафель төсеу, есік-терезе орнату мен ауланы көркейту жұмыстары аяқталды. Қазір нысан 95% дайын.

Ұқсас жаңалықтар

Жолдағы қауіпсіздікті арттыру — бұл ортақ міндет

admin_altyalash

Біз білім мен инновацияға негізделген экономика құрып жатырмыз

admin_altyalash

Олжас Бектенов электр энергетикасын дамыту және цифрландыру мәселелері жөніндегі Үкімет отырысын өткізді

admin_altyalash