Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЭкономика

Алматы және Ақтөбе облыстарында фермерлік далалық мектептер құрылады

GCP/KAZ/005/GFF жобасы — «Қазақстанда климаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету және жайылымдарды қалпына келтіру үшін агроорманмелиорация» шеңберінде Алматы және Ақтөбе облыстарында фермерлік далалық мектептер құрылады.

Жобаны БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының қолдауымен «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі жүзеге асыруда.

Бастаманың мақсаты — фермерлерді агроорманмелиорацияның заманауи әдістеріне оқыту арқылы жерді тұрақты пайдалану мен жайылымдық алқаптарды қалпына келтіруді ілгерілету.

Алматыда Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу институтының базасында көшпелі жайылым мектебін ашу жоспарланып отыр.

24–25 маусым күндері Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында жайылымдарды бағалау және практикалық жаттығуларды қамтитын оқыту семинарлары мен далалық сабақтар өтеді. Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Жоба Қазақстанның климаттың өзгеру салдарына, соның ішінде жайылымдардың тозуы мен ауыл шаруашылығы өнімділігінің төмендеуіне бейімделуіне ықпал етуге бағытталған.

Фермерлік далалық мектептер ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жер ресурстарын тұрақты басқару әдістерін меңгеруге, топырақ құнарлылығын қалпына келтіруге және мал шаруашылығының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Фермерлік далалық мектептер Қазақстан агросекторында ғылым мен практиканы ұштастыратын жаңа тиімді алаңға айналып, орнықты ауыл шаруашылығының табысты үлгілерін елдің басқа өңірлерінде кеңінен таратуға арналған перспективалы құрал болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

«Айналдым сенен, Атамекен» гала концерті өтті

admin_altyalash

Астанада жер сілкісіні болуы мүмкін бе – министр жауап берді

admin_altyalash

Көрме қазақ халқының мәдени құндылықтарын таныстыруға бағытталған

admin_altyalash