Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениетӨнер

Астанада классикалық музыка кеші өтті

2025 жылдың 22 маусымында амфитеатрда «Классикалық өнер» бөлімінің солистері мен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің қатысуымен музыкалық кеш өтті.

Бұл іс-шара Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «GRAND FEST» музыкалық фестивалі аясында ұйымдастырған концерттік бағдарламалар сериясының бір бөлігі болды.

Концерттік бағдарламада әлемдік және қазақ симфониялық, вокалдық және камералық музыка үлгілері ұсынылды. Кеш барысында қазақ операларынан ариялар мен дуэттер, халық әндері, романстар, аспаптық миниатюралар мен Отан тақырыбындағы заманауи шығармалар орындалды.

«GRAND FEST» фестивалі – елорданың мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, отандық музыкалық өнерді насихаттауға және қала тұрғындарының мәдени тыныс-тіршілігін байытуға бағытталған жобалардың бірі. Ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасында түрлі жанр бойынша жанды музыка орындалды. Бұның барлығы түрлі буын өкілдерін топтастырған жылы әрі шабыт сыйлайтын атмосфераны қалыптастырды.

Ұқсас жаңалықтар

Мәдениет және ақпарат министрінің бірнеше орынбасары тағайындалды

admin_altyalash

Олжас Бектенов БҚО Қоржын ауылында болды: үй салуға тартылған құрылысшылар саны 30%-ға артты

admin_altyalash

Қанат Бозымбаев БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлер құрылысының қарқынын жеделдетуді тапсырды

admin_altyalash