Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарМәдениет

Мамандық таңдау – жасөспірім өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі

Мағжан Жұмабаевтың 132 жылдығына орай ақынның туған жері Солтүстік Қазақстан облысында «КәсібиGO: ойна да таңда» жобасы таныстырылды. Бұл – жасөспірімдерге арналған кәсіби бағдар беретін үстел ойыны.

Жобаның авторы – Әлия Қарақожаева, кәсіби бағдар беру саласы бойынша халықаралық деңгейдегі коуч, PhD кандидаты. Ол 2024 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық грантын жеңіп, өз идеясын жүзеге асырды.

Ойын 5–10 оқушыдан тұратын топта, 2 сағаттық сессия түрінде өтеді. Ойынға қатысушылар өздерінің жеке тұлғалық ерекшелігін анықтайды, сұранысқа ие дағдылармен танысады және болашақ мамандығын таңдай алады.

Бұл ойын Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарының мектептерінде тегін қолжетімді болады. Жобаның авторы бұл ойынды қолданатын аймақтардың санын көбейткісі келеді. Себебі  жастардың таңдау жасауына ойынның әсері мол дейді ол.

«Мамандық таңдау – жасөспірім өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Алайда зерттеулерге сүйенсек, қазақстандықтардың 60%-ы мамандығы бойынша жұмыс істемейді, ал оқушылардың 87%-ы мамандықты ата‑ана мен мұғалім ықпалымен таңдайды. Бұл жағдайда  кәсіби бағдарлаудың жаңа құралдарын жасау қажет. Біз Қазақстандағы әр жасөспірімнің өз жолын тауып, өз таңдауына саналы түрде қадам жасағанын қалаймыз», – деп атап өтті Әлия Қарақожаева.

Ұқсас жаңалықтар

СЕМЕЙДЕГІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕР КҮНДЕРІ АЯСЫНДА «СЫР ӨҢІРІ – ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ» АТТЫ КӨРМЕ ӨТТІ

admin_altyalash

Астанадағы LRT құрылысы қашан аяқталады – Жеңіс Қасымбектің жауабы

admin_altyalash

Желтоқсаннан бастап өзгерістердің негізгі бөлігі енгізіледі

admin_altyalash