Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетӨнер

Қазақ диаспорасы балалары арасындағы халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті

23–26 маусым аралығында Павлодар қаласында қазақ диаспорасы балалары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен XXII халықаралық олимпиада өтті.

«Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атауымен ұйымдастырылған шараға Қытай, Моңғолия, Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген 63 оқушы қатысты.

Олимпиада үш кезеңнен тұрды, онда оқушылар қазақ тілі, әдебиеті мен тарихы бойынша білімдерін сынға салды. Сонымен қатар, қатысушылар Павлодар облысының мәдени нысандарын аралады.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, алтын, күміс және қола медальдармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жалпы 31 оқушы жүлделі орын иегері атанса, бес оқушы ерекше жетістігі үшін құрмет грамотасын алды. Павлодар облысы әкімінің атынан әр қатысушыға алғыс хат пен ұлттық музыкалық аспап – домбыра табысталды. Сонымен қатар, үш оқушы А. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ректорлық грантына ие болды.

Олимпиада Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және Павлодар облысы білім беру басқармасының қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

admin_altyalash

«SARAP» отырысында жаңа Конституция жобасындағы әлеуметтік кепілдіктер мәселесі талқыланды

admin_altyalash

Иран Израильге қарсы соққы жасады

admin_altyalash