Әр тәртіп сақшысы заң мен әділдіктің айнасы – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Әр тәртіп сақшысы заң мен әділдіктің айнасы

30.06.2025
0
Әр тәртіп сақшысы заң мен әділдіктің айнасы

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Өнер орталығында» Полиция қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оған барлық құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Салтанатты шараның ашылуында Әнұран орындалып, Ту көтерілді. Сондай-ақ, құқық қорғау қызметінде қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.
Аймақ басшысы полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, құқық қорғау саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында: «Біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның, әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз», – деп нақты міндеттерді белгілеген болатын.
Сіздерге жүктелген міндет асқан жауапкершілікті қажет етеді. Аймағымызда құқықтық тәртіпті орнату, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қызметтеріңізді тиімді ұйымдастыруға бағытталған кешенді қолдау шаралары қабылдануда. Соңғы үш жылда полиция органдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға облыстық бюджеттен 8 млрд.теңгеге жуық қаржы бөлінді. Биыл бұл мақсатқа 2 млрд. 800 млн. теңге қаралып, материалдық-техникалық база заманға сай жаңғыртылуда.
Әр тәртіп сақшысы заң мен әділдіктің айнасы болып, әділетсіздік пен немқұрайлылыққа жол бермеуі керек. Бір қызметкердің салғырттығы бүкіл жүйенің беделіне нұқсан келтіреді. Алдағы уақытта да полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, тұрғындардың тыныш өмір сүруін қамтамасыз етіп, қылмысқа қарсы күресті қарқынды жалғастырып, жұмыс сапасын арттыра түседі деп сенемін.
Егемен еліміздің тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтаудағы, өздеріңізге жүктелген міндетті орындаудағы қызметтеріңіз жемісті болсын!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Жиында облыс прокуроры, полиция департаментінің басшысы құттықтау сөз сөйледі. Сала ардагерлері мен қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен, медаль және төсбелгімен марапатталды.
Айта кету керек, 2023 жылдан бері полиция департаментінің аттестациядан өткен қызметкерлеріне облыс бюджетінен 2 млрд теңгеге жуық үстемақы төленді. Республикада алғашқы болып өңірдің барлық ауданындағы полиция бөлімдерінде жедел басқару орталықтары ашылды. Қауіпсіздікті күшейту және жедел әрекет ету үшін бейнебақылау камераларының саны артты. Аудандарға 539 бейнебақылау және 49 жылдамдық өлшейтін камера орнатылды. Соңғы жылдары полицияға заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған 128 жаңа автокөлік берілді. Биыл тағы 31 қызметтік көлік пен арнайы құрал-жабдықтар алынады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астана қаласының пара спортшылары VII республикалық спартакиадада топ жарды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.