Садақшыларымыз бұрын-соңды мұндай жетістікке қол жеткізген емес – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Садақшыларымыз бұрын-соңды мұндай жетістікке қол жеткізген емес

01.07.2025
0
Садақшыларымыз бұрын-соңды мұндай жетістікке қол жеткізген емес

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов садақ атудан Сингапурде өткен Азия кубогінің екінші кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткен спортшылармен және бас бапкермен кездесті.

Министр спортшылардың сары құрлық бәсекесінде ел намысын абыроймен қорғап, халықаралық аренада лайықты өнер көрсеткенін атап өтіп, бұл – отандық садақ ату спортындағы тарихи жетістік екенін айтты.

«Сіздердің жарқын жетістіктеріңіздің және мемлекеттің жан-жақты қолдауының нәтижесінде елімізде садақ ату спортына деген қызығушылық артып келеді. Қазіргі таңда елімізде бұл спорт түрімен 7 000-ға жуық адам айналысады. Азия кубогіндегі нәтиже – Қазақстан спортындағы тарихи жетістік. Садақшыларымыз бұрын-соңды мұндай жетістікке қол жеткізген емес. Бұл – спортшылар мен жаттықтырушылардың бірлескен еңбегінің жемісі. Азия кубогіндегі зор табыс садақ ату спортының танымалдылығын одан әрі арттыра түседі деп ойлаймын», – деді Ербол Мырзабосынов.

Туризм және спорт министрі құрлықтық жарыста үздік нәтиже көрсеткен Адель Жексенбинова, Виктория Лян, Ділмұхамет Мұса, Бунед Мирзаметов, Андрей Тютюн және Роксана Юнусованы Құрмет грамотасымен марапаттады. Ал ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Бауыржан Жолдыбаевқа Алғыс хат табыстады.

Айта кетейік, 15–20 маусым күндері Сингапурде өткен Азия кубогінің екінші кезеңінде Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы командалық және аралас командалық сында алтын жүлде иеленді. Ал әйелдер арасындағы командалық жарыста жерлестеріміз қола жүлдеге қол жеткізді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Қажымұқан» фильмі Италиядағы фестивальда бірнеше жүлде алды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Облыс әкімі қала аумағындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.