Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениетӨнер

Қазақ киносы Қытай фестивалінде көрсетілді

2025 жылдың 3-7 маусым аралығында Қытайдың Чунцин қаласындағы Юнчуань ауданында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің халықаралық кинофестивалі басталды. Бұл мәдени іс-шара ШЫҰ елдері арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамытуға және кино саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.

Іс-шараға Қазақстандық делегация ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы өкілдері, сондай-ақ еліміздің танымал продюсерлері мен режиссерлері қатысуда.

Биылғы фестивальдің «Алтын Камелия» атты негізгі байқау бағдарламасына 10 елден 20 фильм енді. Әр елден екі туынды ұсынылған. Қазақстандық «Набат операциясы» мен «Ағайындылар» фильмі қытай көрерменіне көрсетіледі.

«Набат операциясы» (режиссер Рашид Сүлейменов) – Қазақстан құқық қорғау органдары жүргізген ірі арнайы операция туралы шынайы оқиғаға негізделген драма. Фильм «Қазақфильм» киностудиясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстанның Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген.

«Ағайындылар» (режиссер Дархан Төлегенов) – 15-тен астам халықаралық жүлдеге ие болған фильм. Картина Германияда өткен Oldenburg халықаралық кинофестивалінде Spirit of Cinema марапатын алған. Фильмді Golden Man Media студиясы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірген.

Фестивальдің қазылар алқасына ШЫҰ елдерінен 9 белгілі кинематограф енген. Олардың ішінде қазақстандық продюсер Тасболат Мерекенов те бар. Қазылар алқасының төрағасы – Қытайдың танымал продюсері әрі сценаристі Жэнь Чжунлунь.

Жеңімпаздар 10 номинация бойынша анықталады. Атап айтсақ, «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік сценарий» және актерлік шеберлік номинациялары бар.

Кинофестиваль аясында 11 негізгі іс-шара жоспарланған, олардың қатарында байқау фильмдерінің көрсетілімдері, ынтымақтастыққа арналған форумдар, кинотехнология көрмесі мен Гала-концерт бар.

 

Ұқсас жаңалықтар

Президент Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды

admin_altyalash

ОРДАБАСЫДА 4 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

admin_altyalash

ШЫҰ қатысушы елдер қалдықтарды тиімді басқару саласында мәлімдеме жасайды

admin_altyalash