Қаржы пирамидаларын анықтау және олардың қызметін тоқтату бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Шілде 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Қаржы пирамидаларын анықтау және олардың қызметін тоқтату бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда

05.07.2025
0
Қаржы пирамидаларын анықтау және олардың қызметін тоқтату бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда

Абай облысында қаржы пирамидаларын анықтау және олардың қызметін тоқтату бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Іс-шаралар Мемлекет басшысының тапсырмаларын және «Заң және тәртіп» идеологиялық науқанын іске асыру аясында жүргізілуде.

Облыс құрылған сәттен бастап Экономикалық тергеп-тексеру департаменті алаяқтыққа халықты тарту мақсатында жұмыс істеген 10 қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Атап өтсек, 2024 жылдың өзінде Bitlime, Magis, Chia Tai Tiahging және Eolus сынды схемалар әшкереленіп, тоқтатылды. Аталған құрылымдардан 197 салымшы зардап шеккен, келтірілген жалпы залал көлемі 88 миллион теңгені құрады. Оның 3,4 миллион теңгесі өтеліп, 30 миллион теңгеден астам сомаға мүлік тәркіленді.

— Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың белсенділігі тұрақты түрде өсіп келе жатқанын байқаймыз. Олардың схемалары барған сайын күрделене түсуде, ал адамдарды тарту тәсілдері – агрессивті сипатқа ие. Біздің міндетіміз – тек кінәлілерді жауапкершілікке тарту ғана емес, сонымен қатар азаматтарды мұндай топтарға араласудың салдары ауыр болатыны туралы ескерту, — деді департамент басшысы Медет Орынбасаров.

Алдын алу жұмыстары аясында департамент мамандары өңір тұрғындарымен, студенттермен және кәсіпкерлермен тұрақты түрде кездесулер өткізуде. Негізгі назар қаржы пирамидасына тән белгілерге аударылады: кепілдіксіз жоғары табысқа уәде беру, лицензияның болмауы, жаңа салымшылар есебінен төлем жасау және психологиялық қысым көрсету тәсілдері.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабына сәйкес, қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету – қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады. Жағдайға байланысты, бұл әрекет үшін 3 000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Егер қылмыс ұйымдасқан топ арқылы жасалса, жаза күшейтіледі – бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу көзделген.

Экономикалық тергеп-тексеру департаменті азаматтарды сақ болуға, күмәнді жобаларға инвестиция салмауға, несие алып, қаражат құймауға, компаниялардың лицензиясы мен мемлекеттік тіркелуін мұқият тексеруге шақырады. Күдік тудырған жағдайда, Қаржылық мониторинг агенттігінің 1458 нөмірлі Call-орталығына немесе Telegram-дағы @baiqa_piramida ботына жүгіну ұсынылады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Турнирдің басты мақсаты – ұлттық дәстүрлерді сақтау және насихаттау

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.