Алматыда «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты көрме ашылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Шілде 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты көрме ашылды

06.07.2025
0
Алматыда «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты көрме ашылды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Ұлттық домбыра күніне арналған «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты ауқымды іс-шара өтті.

Бұл айтулы мереке халқымыздың бай мұрасын, рухани құндылықтарын дәріптеп, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған.

Көрермен назарына музей қорында сақталған халқымыздың рухани қазынасын байытқан көрнекті тұлғаларға тиесілі домбыралар ұсынылды. Олардың қатарында халық әншісі, композитор Жаяу Мұса, ұлы Абайдың жары Ділда Алшынбайқызы, ән өнерінің шебері Әміре Қашаубаев, музыка зерттеушісі, композитор және дирижер Ахмет Жұбанов, қазақ опера өнерінің негізін қалаушылардың бірі Күләш Байсейітова, академик Қаныш Сәтбаев, театр өнерінің тарланы Елубай Өмірзақов, сондай-ақ Жұбан Молдағалиев, Кәукен Кенжетаев, Әбділда Жангелдин, Қапан Қасымов және басқа да біртуар өнер қайраткерлерінің домбыралары бар.

Сондай-ақ іс-шара барысында «Ақжауын» мемлекеттік камералық оркестрі мен «Серпер», «Жігер» домбырашылар ансамбльдері өнер көрсетіп, тыңдарманның құлақ құрышын қандырды. Бұл кеште өнер көрсеткен талантты бүлдіршіндер күйші, Қазақстанның Халық әртісі Секен Тұрысбектен бата алды. Сонымен қатар Секен Тұрысбек өзінің 30 жыл бойы шығармашылық серігіне айналған домбырасын музей қорына табыстады.

Көрме аясында күйшілердің шеберлік сағаттары өтіп, ұлттық киім үлгілері ұсынылды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қаржы пирамидаларын анықтау және олардың қызметін тоқтату бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бүгін – ұлттық мұрамызды ұлықтайтын Домбыра күні

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.