Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Бұл бастама – ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға бағытталған маңызды қадам

Ақсуат ауданында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мал шаруашылығын жүйелі дамыту мақсатында ауылдық округтерде орталықтандырылған ветеринариялық қондырғылар (раскол) орнату жұмыстары жүзеге асуда.

2024 жылы Құмкөл және Қызылкесік ауылдық округтерінде 5 млн теңгеге қондырғылар салынып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде ветеринариялық қызмет көрсету сапасы жақсарып, мал иелері үшін қолайлы жағдай жасалды.

Биыл бұл тәжірибе жалғасуда. Ойшілік пен Сәтбаев ауылдарында заманауи қондырғылар орнатылып, қалған 5 округте жыл соңына дейін салу жоспарланған. Жалпы 7 елді-мекенге 26 млн теңге бөлінген.

Бұл бастама – ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға бағытталған маңызды қадам. Алдағы жылдары мұндай қондырғылар ірі елді мекендерде де орнатылатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа Т916 бағыты ашылды

admin_altyalash

Ана мен бала жайы жіті назарда

admin_altyalash

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Құлсары қаласындағы тұрғын үйді қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасының орындалуын тексерді

admin_altyalash