«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстау бойынша брифинг өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Шілде 12, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстау бойынша брифинг өтті

11.07.2025
0
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстау бойынша брифинг өтті

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстау мәселелері бойынша брифинг өтті.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, «Ассамблея жастары» республикалық жастар ұйымының төрағасы, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тимур Жұмырбаев, сондай-ақ «TALAPAI» жобасының авторы, 2023 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері Айнұр Полатова қатысты.

Қайрат Камбаровтың айтуынша, жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Осы мақсатта дарынды жастарды қолдауға арналған бірқатар бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылып келеді.

Солардың бірі – 1992 жылы тағайындалған «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы. Сыйлық «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» сияқты 10 номинация бойынша табысталады.

Осы уақытқа дейін бұл марапатты Қазақстаннан бөлек шетелдерде жетістікке жеткен 360-тан астам жас иеленді.

Әр жылдары еліміздің туын әлемге танытқан спортшыларымыз Ольга Шишигина, Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов, Динара Садуақасова, Денис Тен, өнер саласында өзіндік орны бар Аманжол Әлтаев, Айгүл Иманбаева, Досымжан Таңатаров, Мария Мудряк, Димаш Құдайберген, «Муз АРТ», «Жігіттер» және «Ұлытау» топтары, ғылым саласында Максим Здоровец, Мақсат Жабагин, журналистика саласында Гүлнәз Әлімгерей, Мақпал Жұмабай, Ирина Тен сынды өнерлі, талантты қоғам қайраткерлері «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары атанған.

Биыл «Дарын» сыйлығына құжат қабылдау 26 маусымнан 27 тамызға дейін жалғасады. Толық ақпаратпен мына сілтеме бойынша танысуға болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/861853?lang=ru

Сыйлық иегеріне «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы табысталады.
2024 жылдан бастап сыйлықтың мөлшері әр номинация бойынша 600 мың теңгеден 1 миллион теңгеге көбейді.
Сонымен қатар, 2021 жылдан бері Мемлекет басшысының бастамасымен шығармашыл жастарды қолдау мақсатында жыл сайын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бөлініп келеді. Оның көлемі – 3 миллион теңге.

Грант конкурстық негізде 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін беріледі. Атап айтсақ, «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа» және «Волонтерлік» бағыттары.

Бұған дейін 123 жас маманның инновациялық жобасы қолдау тапты. Грантқа 14 жастан 35 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары үміткер бола алады.

Биыл өтінімдер 16 маусым мен 18 тамыз аралығында қабылданады. Толық ақпаратпен сілтеме бойынша танысуға болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/856999?lang=ru

Бұдан бөлек, 2023–2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы аясында өңірлік «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты да бөлінеді.

2025 жылы жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, жергілікті бюджет есебінен 277 өңірлік грант беру жоспарланған. Айта кету керек, грант саны, көлемі және бағыты жергілікті әкімдіктер тарапынан айқындалады.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Үкімет мемлекеттік органдарда жасанды интеллект технологиясын енгізуге кірісті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.