Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Жаңа модульді ветеринариялық пункт ашылды

Абай ауданының Көксуын ауылдық округінде жаңа модульді ветеринариялық пункт ашылды. Бұл нысан Қазақстан Республикасының 2021–2030 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында бой көтерді. Тұжырымдаманың мақсаты – ветеринариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайту және ауылдық жерлерде көрсетілетін ветеринариялық қызметтің сапасын арттыру.

Жобаның негізгі мақсаты – ветеринариялық мамандарға қолайлы еңбек жағдайларын жасау, халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту және өңірдегі эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Жаңа ветеринариялық пункт заманауи жабдықтармен жабдықталған. Бұл үй жануарлары мен ауыл шаруашылығы малдарына кәсіби деңгейде алдын алу, вакцинация, диагностика, емдеу және жоспарлы тексерулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Аталған ветеринариялық пункт Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен ашылды. 2024–2025 жылдары облыстың 12 ауылдық округінде осындай пункттерді салуға 243 миллион теңге бөлінді.

Ұқсас жаңалықтар

Душанбе қаласында «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері» көрмесі өтті.

admin_altyalash

Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша кешенді жоспар іске асырылып жатыр.

admin_altyalash

2025 ЖЫЛЫ ДӘРІГЕРЛЕР ФЕТАЛДЫҚ ХИРУРГИЯНЫҢ АРҚАСЫНДА 105 БОЛАШАҚ НӘРЕСТЕНІҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

admin_altyalash