Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарЖаңалықтар

Шымкент қаласында XII Азаматтық форум өтті

2025 жылғы 18 шілдеде Qyzgaldaq сарайында «Шымкент қаласының тұрақты дамуы: азаматтық қоғам институттарының рөлі» тақырыбында Шымкент қаласының XII Азаматтық форумы өтті.

Форумның басты мақсаты – мегаполистің тұрақты дамуы жолында азаматтық қоғам институттары, мемлекеттік органдар мен өзге де мүдделі тараптар арасындағы өзара байланысты нығайту.

Форумға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, бизнес құрылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, жастар бірлестіктері мен халықаралық сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Форум бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру, әлеуметтік әріптестік, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тетіктері, жастарды тарту, цифрландыру және қоғамдық бақылау тақырыптары бойынша панельдік сессиялар өткізілді.

Сонымен қатар, тақырыптық ашық пікірталастар, «ҮЕҰ өмірі – бір сәт бейнеде» атты фотогалерея, ҮЕҰ-дың бастамалары мен табысты тәжірибелер таныстырылымы іске асырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қытаймен визасыз режим әлі күшіне енген жоқ – ҚР СІМ

admin_altyalash

Тарихи кезеңнің куәсі әрі бір бөлшегі болғаныма мақтанамын

admin_altyalash

Елдің басым бөлігіне қар мен жаңбыр жауады – Қазгидромет

admin_altyalash