Абайдың ойлары – ұлт бірлігінің тірегі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Тамыз 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Абайдың ойлары – ұлт бірлігінің тірегі

21.07.2025
0
Абайдың ойлары – ұлт бірлігінің тірегі

Абай облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай республикалық «Абай оқулары» кең ауқымды іс-шаралар легі өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 40-қа жуық жас, түрлі этнос өкілдері киелі Абай жерінде бас қосып, жас ұрпақты достық пен рухани құндылықтарға баулыған мазмұнды бағдарламаға қатысты.

Фестиваль аясында жастар Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кесенелеріне, Күшікбай батыр мазарына, Мұхтар Әуезовтің туған жері Бөріліге барып, викториналарға, зияткерлік кездесулер мен мәдени шараларға қатысты. Дәстүр мен тарихқа негізделген рухани саяхат әрбір қатысушыға ұмытылмас әсер сыйлады.

Шара соңында қатысушылар ұлы ақынның рухына тағзым етіп, Абай музейі аумағында орналасқан «Абай және ұлдары» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Абай облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Жұмаділов Абай мұрасының жастар арасында насихатталуы туралы айтып өтті.

– Құрметті жастар, сіздерді дана Абайдың туған топырағында қарсы алу – біз үшін зор мәртебе. Мемлекет басшысы жастарды қолдауды үнемі басым бағыт ретінде айтып келеді. Осы ретте біз жастарға Абайдың даналығын, ой тереңдігін және адамгершілік қағидаттарын кеңінен түсіндіруді мақсат еттік. Сіздер осы оқулар арқылы еліміздің әр өңірінен келгендер арасынан жаңа достар тауып, рухани азық алдыңыздар деп сенемін. Қатысуға келген әрқайсыңызға облыс әкімінің атынан шынайы алғысымды білдіремін, – деді басқарма басшысы.

Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан сөз алған «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмұрбаев Абай мұрасының қазіргі қоғамдағы маңызына тоқталды.

– Бүгінгі жастар Абай шығармашылығына қызығушылықпен қарап, оның идеяларын заманауи тұрғыда түсінуге тырысуда. Бұл – еліміздің рухани жаңғыруының нақты көрінісі. Абайдың ойлары – ұлт бірлігінің тірегі. Жастардың осы жолда бас қосуы – үлкен мәнге ие, – деді ол.

Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың арнайы құттықтау хаты оқылды. Хатта ойшыл мұрасын насихаттаудың ел болашағы үшін маңыздылығы атап өтілді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Курорттық аймақтарды инспекциялау нәтижелері бойынша шаралар қабылданды: бірқатар лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Апорт» алмасының сортын қайта жаңғырту жөніндегі Жол картасының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізілді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.